
04 Маусым, 2015
2676
Бүгін балаларды қорғау күні аясында Талдықорған қаласы, Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен - дарынды баламын» шығармашылық фестивалі өтті.
Бүгін балаларды қорғау күні аясында Талдықорған қаласы, Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен - дарынды баламын» шығармашылық фестивалі өтті. Аталған фестивалді Қазақстан халқы Ассамблеясы мен КММ «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ұйымдастырды.
Фестивалдің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, қатысушылардың жеке шығармашылық әлеуетін ашып, қалыптастыру үшін көмек көрсету, сонымен қатар, балалар шығармашылығын қолдау саласында мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдарының және қоғамдық бірлестіктер қарым-қатынастарының инновациялық тәсілдерін қалыптастыру.
Фестивалдің міндеті:
- мүмкіндігі шектеулі, дарынды балалардың таланттарын айқындау және дамыту;
- балалардың жеке шығармашылық дамуы мен әлемді танудағы эмоционалды-эстетикалық сезімін қалыптастыру;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың дарынды жақтарының қалыптасуына нақтылы көмек көрсету;
- ұжымдар арасында шығармашылық және достық қарым-қатынас орнату;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық деңгейлерін көтеру.
Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сәуле Сурабалдиноваға берілді.
Байқауға облыстық сауықтыру орталығы, нашар көретін балалар, Көксу аудандық сауықтыру орталығы және «Қамқор» балалар үйінен 50 бала қатысты.
Достық үйі фойесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың ұйымдастыруымен барлық көрермендер жүрегіне жол таба алған көркемөнер бұйымдары көрмесі өтті.
Фестивалға қатысушылардың арасынан мектеп директорлары мен тәрбиешілер Достық үйінің атынан мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, фестивалға қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Фестиваль 5 номинация бойынша өтеді – «Вокал», «ым-ишара арқылы ән айту», «хореография», «көркемдік өлең оқу» және «сәндік-қолданбалық өлең оқу».
Шара соңында облыстық Достық үйі фойесінде балаларға фуршет дайындалды.
.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті