21 Қыркүйек, 2018
10263
Бүгін - халықаралық бейбітшілік күні
Халықаралық бейбітшілік күні жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтіледі.
Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырады.
Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен.
Бұл күнді белгілегеннен кейін Бас Ассамблея оны мемлекеттер мен халықтар ішінде, сондай-ақ олардың арасында бейбітшілік идеалдарын атап өтуге және нығайтуға шақырды.
Ал 20 жылдан кейін, 2001 жылы Бас Ассамблея бірауыздан резолюция қабылдады, онда 2002 жылдан бастап Халықаралық бейбітшілік күні жыл сайын 21 қыркүйекте жаппай отты тоқтату және зорлық-зомбылықтан бас тарту күні ретінде атап өтілетін болады деп қаулы етті.
Қазақстан — бүгінде достық пен келісімде 40-тан астам конфессияға біріккен 100-ден астам этнос өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет.
Қазақстанда халықтар арасындағы қарым-қатынастың ерекше дәстүрі қалыптасты. Әлемде этносаралық келісімнің қазақстандық моделі туралы айтыла бастады. Оның негізінде тағдыр еркімен біздің аумағымызға көшіп келген барлық этникалық конфессияларға қазақтардың толерантты және төзімді қатынасы жатыр.
Бәрімізге көптен бері мәлім болғандай — елімізде 1330–дан астам этномәдени бірлестік бар, онда еліміздің азаматтарына тиесілі этностардың дәстүрлері мен тілдерін сақтау және дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Көптеген мәдениеттер мен діндер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар қазақстандық қоғамның бірегей палитрасын қалыптастырды. Ал барлық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қабылдау, түсіну және құрметтеу қазақстандықтар ортақтасатын әралуандықтағы бірлік философиясын айқындады. Президент атап өткендей, республикада бірлік пен тұрақтылықтың ерекше рухы қалыптасты. Бізде барлық азаматтарға өмір сүру, оқу, жұмыс істеу, бала тәрбиелеуге жайлы орта қалыптасқан.
«Осы жылдар ішінде Ассамблея шынайылықпен түрлі этностар мен діндердің өкілдерін өзара жақындатты, әркімнің мәдениеті мен дәстүрінің бар екенін көрсете білді. Біз бір-бірімізге жақындай түсіп, біртұтас халық болдық. Бейбітшілік пен келісім — Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жолындағы басты қазынасы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің фестиваліне қатыса отырып.
Сол кезде Мемлекет басшысы қазіргі әлемде мемлекет тарапынан этномәдени бірлестіктерді қолдау бірегей тәжірибе болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы еске салып өткендей, қазақстандық БАҚ, газеттер мен журналдар 15 тілде, ал театрлар 7 тілде «сөйлейді».
22 этностың тілдері 108 мектепте дербес пән ретінде оқытылады, ал 88 мектепте оқу өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі.
Дата события ассамблеи: 21.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03