16 Қыркүйек, 2015
1717
Бүгін «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи - мәдени экспедициясы Атырау облысы Махамбет ауданында
2015 жылы 16 қыркүйекте «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы Махамбет ауданында жалғасын тапты. Бұл аудан – қазақ хандығы құрылған мекен. ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Бекежан Өмірбек бастаған экспедиция мүшелері «Теңдессіз сый» акциясы шеңберінде Махамбет аудандық орталық кітапханасына кітаптар табыстап, оқырмандармен және ардагерлермен кездесу өткізді.

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде экскурсия жасап, әрі қарай Махамбет ауданындағы Сарайшық селосында бет алды. Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі – «Хан Ордалы Сарайшық» елді мекенінде өткен экспедиция зерттеушілер қызығушылығын арттыра түсті.
Сарайшық қаласының тарихы Шыңғыс хан мен Бату жасаған шапқыншылық тарихына байланыстырыла айтылады. Ол кезде Алтын Орданы - үлкен сарай, Сарайшықты - кіші сарай деп атаған. Киелі, хан ордалы Сарайшықтың Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының тұңғыш астанасы болғанымен қоса, бұл жерде тарихта аты танымал батырларымыз бен қоғам қайраткерлері болғанын айта кетуіміз керек.
Сондай-ақ бұл мекен гүлденген қолөнер мен сауда қаласы болғандығы тарихтан белгілі. Сарайшық селосында аудан әкімшілігінің қолдауымен елді мекен тұрғындарымен кездесу өтті. Жиналғандарға арнаған сөзінде Бекежан Өмірбек тарихи-мәдени экспедицияның мақсаты мен міндеті – ұлттық бірлікті нығайту және насихаттау деп баяндай отырып, ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ тарихи-мәдени экспедициясының жұмысы жемісті болуы үшін оған бәріміз жәрдемдесуіміз керек деді.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті