05 Ақпан, 2018
990
БҚО Ассамблеясы Елбасы Жолдауын талқылады
Орал қаласында облыстық ассамблея активінің Елбасы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауын талқылауға арналған кездесуі өтті.
Іс-шараға облыстық ассамблея хатшылығы, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, этномәдени бірлестіктер, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі, жастар қанаты, ҚХА кафедрасы, облыстық, қалалық Қоғамдық келісім кеңестері, қаладағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов Жолдауда айтылған Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолында өңірде өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған іс-шаралардың қолға алынғанына және АӨК өнімнің экспортын ұлғайтуға басымдық берілгеніне тоқталып өтіп, «жасыл» технологияларды инвестициялау мен тұрмыстық қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу бағытында қолға алынған жобалар туралы айтып өтті. Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің білім беру мен денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ Орал қаласында жүзеге асырылып жатқан «Смарт сити» жобасы аясында халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шаралардан тыс қалмай белсенді үлес қосуға және Жолдауда айтылған келелі міндеттерді бірлесіп атқаруға шақырды.
БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нәжімеден Есқалиев, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хамза Сафин, Ассамблеяның жастар қанатының жетекшісі Игорь Спиридонов, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Данильбек Саратов, ҚазИТУ ғылыми-білім кешенінің бөлім басшысы Айболат Сейтақовтар сөз алып, Елбасы Жолдауының негізгі міндеттері туралы айтып, ауқымды тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары мен оның басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық топ пен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мүшелерінен құралған сарапшылар пікірі тыңдалды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қарар қабылданды.
Динара Есентаева,
zhaikpress.kz
Дата события ассамблеи: 05.02.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті