20 Тамыз, 2015
846
БҚО-да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халық арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде
«Орал-Қазақстан» телеарнасында кезекті баспасөз мәслихаты өтіп, оған Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова қатысты. Лауазымды тұлғалар БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлеп, сұрақтарына жауап қайтарды.

Алғашқы сөз алған Ғайса Қапақовтың айтуынша, қазір «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халық арасында насихаттау жұмысы шешуші кезеңіне енді. 2016 жыл осы ұлт жоспарын іске асырудың жаппай қимыл мерзімі болмақ. Қазақстанның қарыштап алға басуының кепілдігі - халықтың саяси және қоғамдық белсенділігінде. Қоғамда жыл өткен сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының мәні мен маңызы өсуде. Бұған бір дәлел - 2015 жылдың «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» ретінде жариялануы. Ассамблеяның жиырма жылдығына байланысты «Қоғамдық келісім» ұйымы құрылды. Өңіріміздің жоғары оқу орындары мен мектептерде достық клубтары құрылып, жұмыс істеуде. Ассамблеяның өкілеттілігін одан әрі кеңейтетін заң жобасы да даярлану үстінде.
Ассамблеяның қызметіне қатысты облыс тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштер жинақталып, олармен жұмыс топтары айналысуда.
Айгүл Оразқызы әңгімесінің өзегін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын оқып-үйрену мен іске асыру жұмысына арнады. Оның пайымдауынша, бұған дейін Елбасымыздың бастамасымен қабылданған барлық мемлекеттік бағдарламалар «100 нақты қадам» ұлт жоспарында кеңінен қамтылған. Лауазым иесі бұл бағытқа байланысты жаңа ақпарат құралдарының пайда болатынын да айтты. Жұмыс барысында мәдениет, спорт, отбасылық саясат және басқасы да қамтылуы тиіс. Мәселен, соның бірі - «Еуропаға терезе» туристік кластері. Ол екі құрылықтың іргелес жатқан тұсы – Бөкей ордасы ауданының аумағында жүзеге асырылуы керек. Осының бәрі «100 нақты қадам» ұлт жоспарынан туындайтын міндеттердің шағын бөлігі ғана. Лауазым иесі күн өткен сайын Астанада болатын «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің жақындап келе жатқанын айта келіп, соған келген шетелдік қонақтардың белгілі бір бөлігін Жайық өңірінде лайықты қабылдаудың да маңызына тоқталды. Бөкей ордасы ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ата Заңның 20 жылдығын мерекелеу туралы да айтты. Жаңадан ашылатын «Қазақстан энциклопедиясы» ғаламтор порталы хақында әңгімелеп, келешекте әр облыс орталығында ұлттық-мәдени ауылдардың өмірге келетінін хабарлады.
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ -сі
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02