26 Наурыз, 2020
1319
БҚО: ҚХА жалғыз басты егде адамдарға көмектесуде
Батыс-Қазақстан облысының аумағында «Қайырымдылық керуен» акциясы белсенді түрде жүзеге асырылуда.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық Келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Туркина хабарлағандай, Шараның басты мақсаты жалғыз басты егде жастағы адамдарға қолдау болып табылады.

«Қайырымдылық керуен» акциясын Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы еріктілер қозғалыс орталығы өткізуде. Басты мақсат - жалғыз басты егде жастағы азаматтарға бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді, сондай-ақ антисептикалық құралдар мен медициналық маскаларды қамтамасыз ету және жеткізу бойынша көмек көрсету болып табылады», дейді спикер.
Шараны ұйымдастырушыларды қала кәсіпкерлері, этномәдени бірлестіктер мен еріктілер қозғалыстарының өкілдері, коронавирусқа байланысты қалыптасқан жағдайға немқұрайлы қарамайтын басқа да көптеген жандар қолдап отыр.

«БҚО ҚХА еріктілер қозғалысының штабы демалыссыз жұмыс істеуде, әлеуметтік корзиналар ұйымдастырылып, азық-түлік салынған машиналармен жер-жерге жеткізілуде. Банерлер мен жадынамалар әзірленіп, еріктілер біршама маскалар тігуді қолға алды. Көптеген азаматтар әртүрлі жерде болса да, бір рух – жақыныңа көмектесуге деген тілек бәрін жақындата түсті», - дейді «BIRLIK» еріктілер қозғалысының жетекшісі Дулат Мақатов.

Еріктілер ұзын саны 42 адамды, оның ішінде 6-ы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтап шықты.
«Олардың батасын алып, алғыс сөздерін естідік. Қаланы барынша қамту туралы шешім қабылдадық», - деп сөзін қорытты Д. Мақатов.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
Астанада «Елдесу және татуласу» жобасы аясында ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚОСКҚ Астанадағы Достық аллеясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізді
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті