Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Ақпан, 2017

1327

БҚО ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мен әйелдер ісі бойынша облыстық комиссияның кеңейтілген отырысы

 

2017 жылдың 7 ақпан  күні Орал қаласының Достық үйінде  Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның облыстық ассамблеяның аналар кеңесімен бірлескен отырысы өтті.

Іс-шараға облыстық Ассамблея, ақсақалдар мен аналар кеңестері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ҚХА кафедрасы және ғылыми-эксперттік тобының мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасының,«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалының, Батыс Қазақстан облысы ішкі  істер департаменті жергілікті полициясы қызметінің және  аудан өкілдері қатысты. 

Жиын барысында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік тендік Стратегиясының Батыс Қазақстан облысында іске асырудағы қорытындылары,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы кәсіпкер-әйелдерді қолдау іс шаралары,  Сырым ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысы,  Облыс бойынша тіркелген әйелдер мен балаларға қатысты сексуалдық зорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің себептеріне талдау жасау және азаматтық қоғамның кеңінен қатысуымен  оларды болдырмаудың алдын алу шаралары  және облыстағы гендерлік көрсеткіштер.

Негізгі баяндамамен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дархан Кадралиев сөз сөйледі. Ол әйелдер басқаратын үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы айта отырып, ол облыста тіркелген 669 үкіметтік емес ұйымның ішіндегі 168-ін (немесе 25,1 %) әйелдер басқарады. Бұл үкіметтік емес ұйымдар 14 бағыт бойынша жұмыс істейді. Соның ішінде, әйелдер басқаратын 30 қоғамдық ұйым отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау бойынша жұмыс жүргізеді.  

Д.Кадралиев неғұрлық белсенді ҮЕҰ қатарына «Центр семьи «Ақ Отау» қоғамдық бірлестігін, «Үміт» Орал өңірінің әйелдері одағын, «Байтерек», «Ажар» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамын, Тасқала және Шыңғырлау аудандарының үкіметтік емес әйелдер ұйымдарын жатқызды.

Бұдан әрі Дархан Кадралиев мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүргін әйелдер санының пайыздық ара салмағы туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте жүрген әйелдердің жұмысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әкімшілік мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны 55 пайызды (немесе 2297 адам) құрайды, 79 әйел басшылық лауазымда. 

Соңғы бес жыл ішінде «2020 - Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 136 әйел шағын және орта бизнесті дамытуға жалпы сомасы 6 млрд. теңгеге субсидия алған.  

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында өткізіліп отырған, кәсіпкер-әйелдерді қолдау жұмыс туралы «Фонд развития предпринимательства «Даму» АҚ өңірлік филиалының бас менеджері Ринат Кусманов айтып берді. Ол өткен жылы 59 әйел бизнес ашу үшін жалпы сомасы 3 млрд. теңге кредит алғандарын, ал 2015 жылы бұндай кредитті тек 34 әйел алғанын хабарлады.

Олардың сәтті кәсіпкерлік қызметтерінің нәтижесінде 2016 жылы 3 мың жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 орынға артық.

Іс-шара облыстық комиссияның және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің жұмыс жоспарларын талқылаумен аяқталды. 

Кейін қарай