
21 Маусым, 2020
1294
БҚО мен Атырау: ҚХА медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтіледі. Оны атап өту Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен бекітілген.
БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Метхат Камбетов теміржолшылар ауруханасының медициналық қызметкерлерін арнайы құттықтады.
– Дәрігер мамандығы сіздерден Гиппократ антына адалдық пен бай білім ғана емес, сонымен бірге шексіз шыдамдылықты, төзімділікті, сезімталдықты және рухани жомарттықты талап етеді. Сіздер бізге берілген ең үлкен құндылықтар - өмір мен денсаулықты сақтайсыздар. Ерен еңбектеріңіз үшін сіздерге мың алғыс! - деді БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.
Медицина орталығының басшысы өз қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ондаған жылдар бойы ауруханада еңбек етіп келе жатқан кей дәрігерлерді марапаттады. Шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.
Медицина қызметкерлері алдында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйледі. Кәсіпкер Елена Уланова медицина қызметкерлеріне өз атынан гүл тарту етті.
Сонымен қатар, Атырау қаласындағы Достық үйінде өзге ұлт дәрігерлеріне құрмет көрсетілді.
Атырау облысы ҚХА-ның "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Жанар Ильясова Атырау қаласының медицина саласында еңбек етіп келетін бір топ дағыстандық тіс дәрігерлерін "Достық үйінде" кәсіби мерекемен құттықтады.
Отбасыларына амандық, дендеріне саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отыра Жанар Оразқызы "Каспий" дағыстандық этномәдени бірлестік мүшелеріне Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан және Атырау облысы Қоғамдық кеңес төрағасы М.Өтешовтың атынан Алғас хаттарды табыстады.
Мерекелік кездесу барысында мекеме басшысы этномәдени бірлестік мүшелері, тіс дәрігерлері Бадруттин Айгунов, Магоммед Айгунов, Ильяс Гаджимагомедовтерге ҚР халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айырықша еңбектері үшін СБҚА Президенті Н.Бектұрғановтың атынан жіберілген "Стоматологиялық қызметтін үздігі" төс белгісімен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді