Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Шілде, 2015

1211

Бәйтерек» және «Рауан» сауықтыру балалар лагерьлерінде өткен «Біз – Қазақстан халқымыз» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының күні туралы АҚПАРАТ

2015 жылдың 30 шілдесінде Байзақ ауданындағы «Бәйтерек» және Жамбыл ауданындағы  «Рауан» балалар сауықтыру лагерьлерінде «Біз - Қазақстан халқымыз» тақырыбында облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының күні өтті. 

2015 жылдың 30 шілдесінде Байзақ ауданындағы «Бәйтерек» және Жамбыл ауданындағы  «Рауан» балалар сауықтыру лагерьлерінде «Біз - Қазақстан халқымыз» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының күні өтті.

«Бәйтерек» лагеріндегі негізгі демалушылар – К.Сарымолдаев атындағы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Жамбыл облысының әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған іс-шара ұнап, балалар ұйымдастырушыларды алдағы уақытта тағы да күтетіндігін жасырған жоқ.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы К.Нарбатыров іс-шараның мақсатын балалардың болашағымен байланыстыра отырып, түсіндіріп, оның маңызы мен ауқымдылығын, бейбіт өмір мен Елбасымыздың көздеген мақсатын және халқымыздың ұстанымы бірлік пен ынтымақ екендігін айтса, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен толеранттылық және  этномәдени бірлестіктер жайлы балаларды ақпараттандырған ғылыми-сараптама бөлімінің жетекші сарапшысы Е.Қаншынбеков демалушылардың жан-дүниесіне жол аша білді.  «Ақжелкен» жастар лигасының мүшесі, «Ахыска» түрік мәдени орталығының жастар көшбасшысы А.Ахметов «Шынықсаң, шымыр боласың» деген қанатты сөздерді ойға түсіре келе,  балаларды Қазақстан этностарының ойындарымен таныстырды. Ол балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, түрлі базарлықпен бөлісті. Сауықтыру лагарьлеріндегі  балалар ой зеректігі мен жылдамдықтарын көрсетумен ғана шектелмей, қолөнер шеберлігінің сырына қанықты. Ол жайында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері В.Майкович әңгімелеп, әр түрлі жастағы балалардың қолөнер шеберлігін игеруіне жол ашты. Шеберлік  сағатында жай ғана қағаздан түрлі бұйымдарды, құстарды және басқа да таңқалдырарлық заттарды жасауға болатындығын көрсетті. Балалар уақыттарын тиімді пайдаланып, көрсетілген заттарды өз қолдарымен жасап, үйренгендерін өзге де балаларға қуана көрсетті.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының күні өте жоғары деңгейде, мерекелік көңіл-күйде  өтті.

Іс-шараға барлығы 300-дей бала қатысты.

 

 

 

Кейін қарай