
20 Қыркүйек, 2024
300
БАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ТОПТАСУЫ ТИІС
Бүгін Қостанай қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, "Қоғамдық келісім" РММ және Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен толеранттылықты нығайтуда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда БАҚ қызметін шоғырландыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаты - ҚХА Журналистер клубының төрағасы А.Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА «Мемлекеттік тіл - этносаралық қатынас тілі» жобасының жетекшісі Г.Шиповских, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Г.Шойкин, министрліктің, Қостанай облысының әкімдігінің, «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының өкілдері, журналистер, блогерлер, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары, журналистика бөлімінің студенттері қатысты.
Ғалым Шойкин онлайн форматта сөйлеген сөзінде этносаралық бірлік пен келісім ел дамуының ең маңызды құндылықтары болып қала беретінін атап өтті. Сондай-ақ этносаралық тақырыптарды қамту мәселесінде заңның моральдық талаптарын сақтауда БАҚ пен азаматтардың жауапкершілігін атап өтті. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі «өшпенділік тілінің» алдын алуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастарды үйлестіретін негізгі институттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
Алишер Сатвалдиев БАҚ тарапынан жарияланған ақпараттың дұрыстығы мен жауапкершілігін, сондай-ақ медиа салада жаңалық алмасу, пайдалы ақпарат алу және тиімді орта құру үшін ҚХА Журналистер клубының отырыстарын өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол журналистер ақпарат айдынында Ассамблеяның тек этностар үшін ғана жұмыс істейді деген стереотипінің таралуына жол бермеуі тиістігін атап өтті.
ҚХА-ның арнайы жобаларының бірі «Мемлекеттік тіл - этносаралық қатынастар тілі» туралы Геннадий Шиповских айтып, этностар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жастардың оны үйренуге деген ынтасын көтеру арқылы насихаттау маңыздылығын сөз етті.
Сондай-ақ, отырыс аясында әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев «өшпенділік тілі» әдіснамасы мен ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар саласындағы шиеленісті жағдайлардың алдын алудың 10 ережесі туралы айтып берді. Factcheck.kz бас редакторы Думан Смақов БАҚ-та этносаралық тақырыпты жариялау және этносаралық шиеленістер кезіндегі көрнекі ақпаратты (фото және бейне) тексеру тәсілдері бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Оқыту қорытындысы бойынша отырыстың белсенді қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.
Анықтама: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі журналистер Клубы 2009 жылы ҚХА XV сессиясының қорытындысы бойынша Этносаралық қатынастар, патриотизм, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеттері мен дәстүрлерін құрметтеу тақырыбын насихаттау және дамыту мақсатында құрылды. Журналистер Клубы - бұл толеранттылықты нығайтуда, этносаралық, қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті сақтауда БАҚ күш-жігерін шоғырландыруға ықпал ететін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық алаң. Барлығы 21 журналистер Клубы бар (1 республикалық және 20 өңірлік), қатысушылардың жалпы саны 200 адамнан асады, олардың құрамында этносаралық тақырыпты жариялайтын республикалық және өңірлік БАҚ журналистері (басшылар, бас редакторлар, корреспонденттер) бар.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту