
29 Маусым, 2017
2339
БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады
Байланыс және ақпарат қызметкерлер күні қарсанында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақжайық өңірінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтады. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов және хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов қатысты. Жиналған БАҚ өкілдері мерекелік көңіл – күй мен ерекеше алғыстарға ие болды.
Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің, газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болудың жөні бөлек. Облыстың билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді, - деді М.Тоғжанов. Ғайса Қапақов Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында құрылған Журналистер клубының мақсаты мен міндеттері, құрылымы мен жұмысы жөнінде толық ақпарат беріп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
- Елбасы жүктеген міндеттерді іске асыру бағытында, ертеңіміз - елеулі, болашағымыз - бояулы, бала – шағамыздың езуінде күлкі болу үшін жұмыстанайық. Оралымыздың журналистері алдағы уақытта да осы прогресшіл қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір проблемалардың ортасында жүреді деп сенемін, - деді хатшылық меңгерушісі.
Журналистерді мерекемен сондай-ақ «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Губашев Асланбек Зиннатович құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Кеш барысында БАҚ саласының үздіктері алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады