
02 Ақпан, 2016
1254
«Бал патшайымы»
Павлодарда «Достық» концерт залының холында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар белсенділеріне арналған «Бал ханшайымы» атты кеш өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы - Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Е.В.Селиванова жетекшілік ететін жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі. Балды өткізу ережеліне сәйкес арнайы киім кию талабы сақталды. Бойжеткендер өте әдемі ұзын көйлек киіп, жігіттер сәнді костюммен келді. Осы күні он шақты жұп дөңгелене би билеп, жиналғандардың көз қуанышына айналды. Бір сөзбен айтқанда, этномәдени бірлестіктердің жастар өкілдері іс-шара қонақтарын тамаша әлемге: сері жігіттер бикештерге қамқорлық жасап, бір-бірін жекпе-жекке шақырып, рыцарьлық ержүректік жасаған әлемге жеткізе алды.
Неміс ЭМБ-нен Тамбова Дарья мен Колесников Данил, украин ЭМБ-нен Зайбель Виктория мен Тренин Евгений, грек ЭМБ-нен Кутекиди Екатерина мен Торшан Досбол, славян мәдени орталығынан Семичова Софья мен Дерепаско Александр, еврей ЭМБ-нен Нарынская Наталья мен Щукарев Никита, фин-угор ЭМБ-нен Тутасова Елена мен Николашин Олег, белорус және татар-башқұрт ЭМБ-нен Кузьмичева Арина мен Абдулкаюмов Ринат, болгар және татар-башқұрт ЭМБ-нен Вихристюк Ольга мен Смаилов Рамиль іс-шара қонақтарының назарында болды.
Салтанатты кештің басында барлық жұптар әсем және салтанатты полонез биін орындады. Жұптардың әрбір қозғалысы мен қимылы мейірімділік пен жылылыққа толы болды. Барлық қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсете білді. Сондай-ақ олар «Летка – енка», «Краковяк», «Полька» сияқты билерді орындады. «Билердің патшасы» - вальс кештің басты биі болды.
Әділқазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының хореографы Беков Нұрлан Балғабайұлы, «Жасыл ел» студенттік құрылыс жастар жасағының басшысы Тұрсынжан Анет, Ақсу қаласы Жаяу Мұса атындағы колледждің хореография пәнінің оқытушысы Крылова Юлия Владимировна және Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ЭМБ-мен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Холина Янина Любомировна енді. Олар балдың барлық қатысушылары мен қонақтарына әдемілік пен әсемдік мерекесі, романтикалық және жастықтың салтанат мерекесі үшін алғыстарын білдірді.
«Әдемі ханымға қошемет» сайысында Кузьмичева Арина мен Абдулкаюмов Ринат ең жақсы деп танылды. «Биші жұп» номинациясы бойынша Зайбель Виктория и Тренин Евгений, «Үміт иесі» номинациясы бойынша Нарынская Наталья и Щукарев Никита, «Ең әдемі жұп» номинациясы бойынша Кутекиди Екатерина и Торшан Досбол, «Ең шығармашыл топ» номинациясы бойынша Семичова Софья и Дерепаско Александр, «Ең кербез жұп» номинациясы бойынша Кузьмичева Арина и Абдулкаюмов Ринат, «Ең креативті жұп» номинациясы бойынша Вихристюк Ольга и Смаилов Рамиль танылды, Тамбова Дарья и Колесников Данил «Көрермендер көзайымы» жүлдесінің иегерлері болды, Николашин Олег «Бал патшасы» және Тамбова Дарья «Бал патшайымы» деп атанды.
Сондай-ақ бал бағдарламасында музыкалық нөмірлер, жүргізушілердің шуақты әзілдері, көрермендермен ойындар болды. Бал дәстүр бойынша дискотекамен аяқталды.
Айтпаев Мақсат
Смағұлова Назигүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда «Дала рухы» этно-фольклорлық ансамблі ұлттық домбыра күніне Құрманғазының «Балбырауын» күйін тарту етті
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Көкшетау мәдениет колледжінде «Балқадиша» қыздар клубы ашылды
-
«Балалар игілігі үшін мейірімділік сыйла»
-
«Балалық шақ – бақытты шақ»
-
«Балалар бейбітшілік үшін» фестивалі
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда «Дала рухы» этно-фольклорлық ансамблі ұлттық домбыра күніне Құрманғазының «Балбырауын» күйін тарту етті
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Көкшетау мәдениет колледжінде «Балқадиша» қыздар клубы ашылды
-
«Балалар игілігі үшін мейірімділік сыйла»
-
«Балалық шақ – бақытты шақ»
-
«Балалар бейбітшілік үшін» фестивалі