28 Қаңтар, 2020
1600
Ассамблея қайырымдылық істерді қолдайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы қоғам белсендісі Гүлмира Абдрашевамен кездесті.
Аталмыш қоғамдық ұйым алғашқы рет 2016 жылы Инстаграм әлеуметтік желісінде таныла бастаған болатын. Кейін әлеуметтің әлеуетін арттыруды көздеген топтың ісі халық тарапынан қолдау тауып, ол көмекке мұқтаждар мен қолұшын созушылардың басын қосқан клубқа айналды.
Кездесу барысында Гүлмира Абдрашева «Клуб добряков» қайырымдылық қозғалысының жұмысы, аймақтардағы еріктілер топтарының құрылуы туралы айтып берді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының да алғаш құрылған уақыттан бастап Елбасының бастамасымен қайырымдылық істердің ұйытқысы болып келе жатқаны белгілі.
Аймақтардағы Достық үйлерінде осы жылдың қаңтар айынан Ассамблеяның еріктілер қозғалысының орталықтары құрылып, жұмыс жасауда. Олардың қызметін бірдейлендіру мақсатында ҚХА еріктілер қозғалысын дамыту Тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында 30 еріктілер орталығы бар.
Бұл тұрғыда Ассамблеяның бастамасына қолдау таныта келген Гүлмира Абдрашева волонтерлық дағдыны бала бойында ерте жастан қалыптастыру мақсатында «Қайырымдылық дәрістерін» оқыту керек деген өз ұсынысын айтты.
Жансейіт Қансейітұлы сондай-ақ, Г.Абдрашеваның Ассамблеяның еріктілер қозғалысымен ынтымақтастықта жұмыс жасау туралы ұсынысын қабыл алып, бірлескен әлеуметтік қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге келді.
Кездесу соңында Жансейіт Түймебаев жеті жылдан бері қоғам жұмысына белсене араласып, қайырымдылық шаралардың бел ортасында келе жатқан Г.Абдрашоваға Ассамблеяның Алғыс хатын тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты