Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2016

997

Балаларға шаттыққа бөленді

Балаларға базарлық! 1 - маусым «Балаларды қорғау күніне» орай Ақтаудағы «Алан» осетин этномәдени орталығы қала бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады. Теңіз жағалауына жиналған балалардың барлығы бұл күні сыйлықсыз қалмады. Алдымен олар асфальтта сурет салып, қиялдарына ерік беріп, бір-бірімен сайысты.       

Асыр салып, балалық шақты ойын-сауықпен өткізіп жүрген балдырғандар үшін бұл күн керемет деңгейде өтті. Тіпті, теледидардан күнде көретін мультфильм кейіпкерлерімен кездескенде  олардың жүздері бал-бұл жайнап, қуаныштарында шек болмады. Арнайы келген аниматорлар бүлдіршіндермен түрлі ойындар ойнап, көңілдерін серпілтті. 150-дей сыйлықты балаларға үлестірген «Алан» Осетин этномәдени бірлестігінң төрайымы Фатима Беркли өз тілегін де жеткізді.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Бала өмірдің қуанышы. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз. Ел тұтқасын ұстайтын қаншама бала өсіп келе жатыр. Өзіңіз қараңызшы, олар бүгінгі іс-шараға қандай қуанышты. Олардың жүздерінен бақыттың шуағы төгіліп тұр.

Кеш бойына дейін созылған мейірімді іс-шара шынында да балалардың  жан сарайын ашып, жүздеріне күлкі үйірілтті. Ұйымдастырушылардың мақсаты да осы еді.

   

 

 

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай