
02 Маусым, 2017
894
Балаларға шаттық сыйлаған іс-шара
2017 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде Астана қаласындағы Орталық саябақ сахнасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жасасын Қазақстан ұландары!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына осындағы «Ван» армян мәдени орталығы» ҚБ, «Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы» ҚБ, «Астана қаласының корейлер этномәдени бірлестігі» ҚБ және «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» ҚБ балалар ансамбльдерінің қатысуымен өткізілген концерттік ойын-сауық бағдарламасын тамашалауына мүмкіндік жасалды.
Хореографиялық және вокалдық композиция мерекелік кешке ерекше серпін беріп, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Бұл ретте би костюмін киген балалар ұжымының өнері көрермендерді тәнті етті. Жас балғындардың билері мен вокалдық шеберліктері нағыз достық хорына ұласып, осы кешке қатысушылардың есінде қалды. Көрермендердің басым бөлігі балалардың музыкалық және би нөмерлерін жылы қабылдады.
Интерактивті бағдарлама бойынша балаларды құттықтауға келгендер мультипликациялық фильмдер кейіпкерлерін бейнелеп, мерекелік кештің сәнін одан әрі келтіре түсті. Осыған сәйкес ойындар мен байқаулар өткізілді. Ойынға белсенді қатысқан жас балғындарға ынталандыру сыйлығы ретінде жүлделер табыс етілді. Осылайша балалардың жарқын мерекесі олар үшін қуанышты тосынсыйлармен аяқталды.
Мерекелік іс-шара қоғамның елордамыздағы этномәдени орталықтардың қызметімен етене танысуына, этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға және жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелей отырып, олардың шығармашылығын дамытуға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті