02 Наурыз, 2017
1927
БАЛАЛАР АУЫЛЫНДАҒЫ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ»
Алғыс айту күнінде Маңғыстау облысы ҚХА жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшелері сыйлықтарын алып, Ақтау қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне қонаққа барды.
Украин, татар, орыс, әзербайжан этностарының өкілдері балаларға репрессия мен жер аударылу жылдарының қиын-қыстау кезеңдерінде, ашаршылық пен соғыстың тауқыметті жылдарында қазақ халқының бір үзім нанды балалары мен жақындарына бермей, мүлде жат, тіл білмейтін қазақ даласына айдалған өзге ұлттарға бөліп бергенін әңгімеледі. Талай ұлт пен ұлыстың қазақ халқының дархан жүрегінің арқасында аман қалып, күш жинағанын айтты.
Зульфия Бернеева – «Аналар кеңесінің» төрайымы:
– «Тарихыңды есте сақта және мақтан тұт» - бұл мерекенің басты қағидасы. Ал бұл күннің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақты толеранттылыққа, достық пен өзара сыйластыққа, Қазақстандағы этносаралық татулық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға тәрбиелеу. Біз әр баланың бойына елі үшін мақтаныш сезімін сіңіруін қалаймыз және өскелең ұрпаққа Қазақстан халқы Ассамблеясын мысалға келтіре отырып, халқымыздың бірегейлігін айтып отырамыз. Елбасы жарлығымен Алғыс айту күні жарияланған ел – бейбіт бүгіні мен жарқын болашағы бар екені сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде