10 Ақпан, 2016
997
Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу
Балалар үйінің балаларын Достық үйінде әрдайым құшақ жайып қарсы алады. Олар облыстық этномәдени бірлестіктері өткізетін көптеген мерекелік іс-шаралардың тұрақты қонақтары. Өткен жұмада Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілері Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінде саяхат жасады. «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің жастармен және балалармен жұмыс жөніндегі бөлімі Павлодар облысы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесімен бірлесіп іс-шараны ұйымдастырды.
Қонақтарды Достық үйінің кіреберісінде қазақтың ұлттық дәстүрімен, шашу шашып қарсы алды. Кейін Достық үйіне саяхат ұйымдастырылды. Қонақтарға облыстық этномәдени бірлестіктердің офистері, оқу кабинеттері, хореографиялық залдар, кітапхана мен мұражай көрсетілді, Қанат Болатұлы Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жұмысы таныстырылды. Саяхатты облыстық бірлестіктердің жастары өткізгенін қуанышпен атап өту керек.
Іс-шараның екінші бөлімінде балалар топтарға бөлінді, оларды татар-башқұрт, белорус, неміс, славян, финн-угор этномәдени бірлестіктерінің салт-дәстүрлері әлеміне саяхат күтіп тұрды. Кабинеттерде ЭМБ-дің жастары этнос тарихы, дәстүрлері туралы әңгімелеп, қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татырып, ұлттық ойындар ойнады.
«Бүгін бізде ғажап күн болды. Достық үйі қонақтарға толды. Есте қаларлық сәттердің бірі конференц-залдағы отырыс еді. Дөңгелек үстел басында жиналған балалар Қазақстандағы бейбітшілік пен бірлік туралы әңгімелесті. Болашақ ұрпаққа басты байлығымыз бейбітшіліктің қаншалықты маңызды екендігі, оны сақтау және дамыту туралы пікірлерімен алмасты – деп, татар-башқұрт этномәдени орталығының жастар бірлестігінің төрағасы Ринат Абдулкаюмов өз пікірін айтты.
Мақсат Айтпаев,
Смағұлова Назигүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады