03 Маусым, 2016
1217
Балаларды қорғау күніндегі концерттер, байқаулар мен сыйлықтар
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ және этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен балалар мерекесіне орай оншақты іс-шаралар өтті. Мереке «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратынан бастау алды. Онда «Балаларға арман сыйла» атты қайырымдылық акциясы аясында жиналғандар алты баланы тәрбиелеп отырған ана Гүлсара Тоқтамышеваны тағатсыздана күтіп отырды. Ол 2005 жылы Тәжікстандағы азаматтық соғыстан Россияға қашып шыққан, бірақ өзіне және балаларына Қазақстан - Тараз қаласы пана болып, бауырына басқан. Отбасы мен оның достарын «Әулие ата» Қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Алижон Мулладжанов пен Жамбыл облысы ҚХА жанынан құрылған «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеевтер жылы шыраймен қарсы алды. Отбасындағы балаларға зор денсаулық, оқуда озат болып, анасына қамқоршы болуына тілек білдіре отырып көптен күткен сыйлақтарын: ұялы телефон, велосипед, самокат және пультпен басқаратын машинка және т.б. сыйлықтар табыс етті.
Сонымен қатар, қалалық мәдениет үйінде де «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен үлкен мерекелік іс-шара өтіп, мәдениет үйінің алды үлкен «сурет салу алаңына» айналды десе де болады.
«Асар» оңалту орталығына ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім бүлдіршіндерді достарымен - Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған «Ақ желкен» жастар лигасы, «Тараз за рулем» автожүргізушілер қоғамдастығы, «Жамбыл облыстық грек қоғамдастығы» этномәдени бірлестігі мен «Драйв 2 Тараз» автоклубының мүшелері кездесуге шақырды. Мұнда қонақтарға «Асар» оңалту орталығының тәрбиеленушілері, «Нұр бала» жобасы мен «Надежда» қорының қатысушылары да қосылды. Балаларға үлкен мерекелік бағдарлама ұсынылды. Онда балалар флешмобқа қатысып, әртүрлі этностардың әндері мен билерін орындап, ойындарын ойнаумен қатар қалаға экскурссия жасап, мерекелік дастарханнан дәм татты. Сонымен қатар, балаларға сыйлыққа үстел үстінде ойнайтын дамыту ойындары, кеңсе керек-жарақтары және басқа да түрлі сыйлықтар табыс етілді.
Халықаралық Балаларды қорғау күнін әрбір этномәдени бірлестіктер айрықша атап өтті десе болады. Мысалы, Қытай этномәдени бірлестігінің «Эдельвейс» би залында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылса, «Архыз» қарашай-балқар этномәдени орталығы «Ерекше жағдайда тәрбиелеуге мұқтаж балаларға арналған арнайы облыстық мектептің» тәрбиеленушілеріне үлкен мерекелік бағдарлама, «Шиват-Цион» еврей этномәдени бірлестігі орталық «Дельфин» жүзу бассейінінде К.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне судағы спорттық ойындар сайысын ұйымдастырды.
Жамбыл облысы әкімі «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02