
06 Маусым, 2016
6410
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара
1 маусым күні Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы және Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық үйінде» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар кешені өтті.
300-ден аса бала жиналған іс-шара бүлдіршіндердің асфальтқа сурет салу, «Көңілді старт» және педагогикалық жасақтардың ойын-сайыстарына қатысуынан басталды.
«Отаным – бақыт мекені» атты сурет сайысында балалар еліміздегі бейбітшілік пен достықты, қоғамдық келісім мен бақытты балалық шақты бейнелеп, 5 турдан тұратын «Көңілді старт» эстафетасында жылдамдық пен тапқырлық танытса, педагогикалық ойындарда шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайыстардың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды. Одан әрі «Алекс» би тобының жетекшілігімен ұйымдастырылған жаппай флеш-мобта балалар көңілді әуендерге ырғақпен бірдей қимылдап, мереке көркін қыздырды.
Достық үйінің алаңында өткізілген бағдарламадан кейін концерттік залда облыстық этномәдени бірлестік балаларының қатысуымен «Балдәурен балалық шақ» атты концерт өтті. Татар этномәдени бірлестігінің «Ляйсан», кәріс этномәдени бірлестігінің «Алекс» би топтарының және барлық этномәдени бірлестіктің өнерпаз бүлдіршіндері концерт берді. Іс-шара соңында барлық балаларға балмұздақ таратылып берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды