Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Желтоқсан, 2015

1033

Балаларды жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында Ақтауда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұнайлы аймақтағы этномәдени бірлестіктер мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында бастау алған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде жаңа жылға орай кішкене балаларға қуаныш сыйлады. 

Игі іс аясында аз қамтылған 100 (жүз) отбасының балалары және мүмкіндігі шектеулі балалар «Балбөбек» облыстық қуыршақ театрында тегін қойылым көріп, арнайы сыйлықтар алды.

Іс-шара барысында балалар тақпақ айтып, би биледі. Балғындардың өнеріне тәнті болған Аяз ата мен Ақшақар оларға түрлі сыйлықтар табыстады.

«Балаларға мұндай мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған біздің этномдени бірлестіктерге рахмет, - дейді Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Амангүл Джайлханова. - «Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай елімізде жарияланған «ҚХА-20 ізгі іс» сондай-ақ, «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында біздің мекеме мен этномәдени бірлестіктер көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Бүгінгі балаларға арналған іс-шара да - соның бірі. Барлығыңызды келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір отбасына бақыт пен шаттық тілеймін».

Облыстық мәдениет басқармасы да сырт қалмай, бүлдіршіндерге сыйлықтар тапсырды. Мерекелік бағдарлама соңында балалар мен ұйымдастырушылар естелікке суретке түсті.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі  

Кейін қарай