02 Сәуір, 2017
1617
Баламалы энергия көздері. Германияда жасалған
2 сәуір күні Достық үйінде «Баламалы энергия көздері. Германияда жасалған» технологиялық көрмесі ашылды. «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО- 2017 қарсаныңда өтіп жатқан іс-шараны Астанадағы неміс елшілігі ұйымдастырды. Көрменің ашылу салтанатын Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэль өткізді. «Возрождение» неміс қоғамының қолдауымен Павлодар қаласында көрме сәуірдің бірі мен жиырмасы аралығында өтеді.
Көрме түрлі энергия көздерін және технологиялар артықшылықтары туралы хабарлайды. Жел энергиясын өндіру және пайдалану саласындағы неміс компанияларының арнайы ноу-хау, фотоэлектрлі, күн жылу энергиясы, биомасса энергиясы, су энергиясы, геотермалдық, үйлер мен ғимараттардың қалпына келетін энергия, және тәуелсіз жаңартылатын энергия желілеріне қатысты қағидаттары түсіндіріледі.
«Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының елшісінің өңірімізге қонаққа келуі біздің қала үшін маңызды оқиға болып табылады» - деп атап өтті Павлодар қалалық мәслихат депутаты Реймунд Виктор Георгиевич. Сондай-ақ өз сөзінде ол қала тұрғындары үшін неміс тәжірибесімен танысу қызықты болатынын атап өтті. «Баламалы энергия көздерін дамыту біздің еліміз үшін өте маңызды. Осы бағытта атқарылған жұмыстар аз емес, ал Германия жасыл экономика және технология саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады», - деді ол.
Көрменің ашылуы «Возрождение» облыстық немістер қоғамының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концертпен жалғасын тапты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Сауытбек Абдрахманов: Екі баламалы кандидат ұсынылды
-
Елордада Қазақ еліндегі этникалық немістер мен Германиядағы этникалық қазақтарды қолдау мәселелері талқыланады
-
«Жастар синергиясы – бірлік энергиясы» форумы
-
«Киізден жасалған кәдесый» жасауға арналған шеберлік сағаты
-
Қостанайлықтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Болашақ энергиясы» атты жастар бірлестігі арасында волейбол турнирін арнады.