Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қазан, 2015

1075

«Барлық кәсіптер маңызды»

2015 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында Еңбек күнін тойлайды. Осы мереке аясында 2 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының «Қоғамдық келісім» РММ, этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық хатшылығының өкілдері мекеме қызметкерлерін құттықтау мақсатында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №1 мектеп-интернатына барып қайтты. Жылы лебіздер, құттықтау сөздер, гүлдер мен сыйлықтардың барлығы балаларға өздерінің ерекше жылулығы мен сүйіспеншіліктерін сыйлап, оларды оқытып және тәрбиелейтін жандарға арналды.

Аталмыш іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа, «Қазақстан күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасы Рашид Надиров, «Ассамблея» Солтүстік Қазақстан корпоративтік қоры төрағасының орынбасары Наталья Хан қатысып, барша қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады.

Мектеп-интернат тәрбиеленушілері қонақтарға және қызметкерлерге арнап мерекелік концерт дайындады. Бұдан басқа концерттік бағдарлама аясында «Алуа» би халық ансамблі өнер көрсетіп, азербайжан мәдениет орталығының мүшесі Малик Ахундов барабандарда виртуоз ойындарын орындады.

«Бізге педагогтарға, тәрбиешілерге, жұмысшыларға алғыс хаттар жиі берілмейді. Біздің еңбегіміз бағалағанына қуаныштымыз. Балалар өмірге дайын болуы үшін, біз қолымыздан келген барлық жағдайды жасаймыз. Бұл – біздің басты міндетіміз», - деп, өз ойымен бөлісті бастауыш сынып мұғалімі Юлия Завтура.

Іс-шара мекеме қызметкерлері ұйымдастырушылар мен өнер көрсеткен балаларға өздерінің алғыстарын айтты.Аталмыш шараның басты нәтижесі – ол қызметкерлер мен балалардың бақытты жүздері.

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз-хатшысы

Мария Чернышова

Кейін қарай