Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Наурыз, 2015

714

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің ҮНДЕУІ

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президентіне Кандидат ретінде ұсыну туралы «Нұр Отан» партиясының қабылдаған шешімін толықтай қолдайды.

Бүгін барлығымыз Ұлт көшбасшысына біздің қоғамымыздағы және әрбір үйдегі бейбітшілік пен келісімі үшін, дүниежүзілік экономикалық турбуленттілік кезеңінде Қазақстан азаматтары алдында сақталған мемлекеттік әлеуметтік міндеттері үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Ерекше «Қазақстан 2050 Стратегиясында» айқындалған Елбасының салиқалы және сарабдал саясатықазақстандық халқының экономикалықтан басқа, рухани және идеялық негіздерін нығайтуға тұтастай және толығымен бағытталып отыр, оның нәтижелерін әрқайсымыз шын мәніндесезіне білді.

Екі онжылдықтан астам жылдар ішінде Президентіміз қазақстандық халқының бірлігін, тұрақтылығын және өркендеуін қамтамасыз ету үшін барлығын істеді.

Біздің балаларымызда жақсы балабақшалары бар, мектепте сапалы білім алып келеді, өз қалауы бойынша таңдаған мамандығын алуға және қоғам пайдасына еңбек етуге мол мүмкіндіктері бар.

Ұлт денсаулығын сақтау үшін мемлекет әрбір азаматқа тегін медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті. Біздің аға буын өкілдеріміз мемлекеттің сенімді қамқорлығында, олар ұлттық, немесе діни болмысына қарамастан барлық есіктері ашық және мүмкіндіктері мол өздерінің балалары – қазақстандықтары үшін әрдайым қуанып отырады.

Біз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Президентіне Кандидат ретінде ұсыну туралы шешімін бірауыздан қолдаймыз.

 

 

Кейін қарай