
28 Қараша, 2016
754
Батыс Қазақстан облысында «25 жұлдызды күн» аясында «Біртектілік пен бірлік» атты форум оздырылды
Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында елдегі бірегейлік пен бірлік идеясын қолдауға арналған Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «25 жұлдызды күн» республикалық шарасы аясында үлкен шара - қорытынды форум өтті. Форум аясында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасын қорытындылап, аудан өкілдеріне алғыс хаттар табысталды. Айта кету керек, жыл басынан бері «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасы аясында облыс бойынша 429 шара өтті, оның - 141 «дөңгелек үстелдер», 149 мәдени – көпшілік, 139 қоғамдық маңызды шаралар. Халықты біріктіру мақсатында қайырымдылық акциялары, спорттық, әлеуметтік шаралар оздырылған болатын. Аудан басшылары араларында 13 меморандумға қол қойылды. Облыс бойынша 122 мың. адам қатысты.
Форумға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов «25 жұлдызды күн» республикалық шарасы аясында ұйымдастырылған форумның тәуелсіз еліміздің бірлігі мен ұлтаралық келісімінің мықты екендігін тағы бір паш етіп отырғандығын атап өтті. «Облыста тоқсаннан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, елдің одан әрі өркендеуі жолында еңбек етуде. Осының бәрі - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз жүргізіп келе жатқан салиқалы саясаттың арқасы. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Мәңгілік ел» идеясының негізі ретінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыруға айрықша назар аударылғаны мәлім. Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған ҚР 25 жылдығы декларациясында Елбасымыздың тәуелсіз мемлекет құрудағы өлшеусіз еңбегі, ғасырға бергісіз осынау кезеңде Қазақстан қол жеткізген ұлан-ғайыр табыстар атап көрсетілген. Бірегейлік пен бірлікті нығайтуда Қазақстан халқы ассамблеясы маңызды рөл атқарады.
Осы орайда ел болашағы - жастарға жүктелетін міндет пен жауапкершілік жүгі ауыр. Қазіргідей жаһандану заманында бәсекелестікке қабілетті болу үшін жастар мемлекет қолдауына сүйене отырып, өздерінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана білуі тиіс», - деді А.Өтеғұлов. Форумға қатысушылар «Ұлы дала тұлғалары» атты фотокөрмені тамашалады. Онда тәуелсіздік жылдары өңірдегі әр саланың дамуына сүбелі үлес қосқан адамдар бейнеленіп, өмірбаяндары келтірілген. Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақовтың айтуынша, аталмыш шара облыстық ассамблеяның биылғы қызметінің қорытындысы болып табылады. Жыл ішінде көптеген шаралар ұйымдастырылса, мысалы, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы - соның бірі... Сондай-ақ «Достық» фестивалі қорытындыланып, үздік шығармашылық ұжымдар марапатталды. Форум барысында мерекелік концерт қойылып, оған мыңға жуық адам қатысты .
Ел бірлігін көрсететін осындай шаралар облыс аудандарында да өткізілді.
«Қоғамдық келісім» КММ- нің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды