02 Наурыз, 2017
964
Батыс Қазақстан облысында Алғыс айту күнін мерекелеу
Қазақстан үшін көктем екі маңызды мерекеден: Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясы күнінен басталады.
Сол мерекелер аясында Достық үйінде БҚО ҚХА төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Үйлестіру кеңесінің Қайырымдылық қызметі бойынша кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ірі компаниялардың, шаруа қожалықтарының басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, меценаттар, мемлекеттік мекемелердің, ҮЕҰ және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Отырысты облыс әкімі Алтай Көлгінов ашып, Алғыс айту күнінің еліміз үшін жаңа мереке екенін және биыл тек екінші рет аталып отырғанын айтты. Сондай-ақ, өңір басшысы Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуы туралы қысқаша баяндап, оның жетістіктерін мысалға келтірді және бұның барлығы мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асып жатқандығын атап өтті.
Отырыста Үйлестіру кеңесінің Ережесі және облыстағы қайырымдылық қызметі бойынша жұмыс жоспары бекітілді, Қайырымдылық қызметі бойынша кеңестің төрағасы мен оның орынбасарын сайланды, қайырымдылық қызмет бойынша шұғыл штаб құру мәселесі қаралды, облыс кәсіпкерлерінің «Мейірімді көктем» акциясын өткізу туралы Үндеуі қабылданды. Осы отырыста облыс әкімі Алтай Көлгінов қайырымдылық қызметке қатысқан облыстағы ең белсенді, қайырымды кәсіпкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шара аяқталған соң, қатысушылар мен қонақтар Ассамблея алаңында өтетін Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертке шақырылды. Іс-шара қатысушыларының назарына біздің жерімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі этностар өкілдерінің тағдыры туралы, олардың басына қиын жағдай түскен кезде қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы үшін білдіріп жатқан шексіз алғыстарын баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Дарынды балалар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің ұлттық әндері мен билерін орындады.
Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері біздің халқымызға, Отанымызға шексіз алғыстарын білдірді. Кәсіпкерлерге, меценаттарға мұқтаж жандарға көмек қолын созғаны үшін және бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанымыз үшін Қазақстанның барлық халқына алғыс айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті