05 Ақпан, 2016
1811
Батыс Қазақстан облысында Достық үйі ашылды
2016 жылғы 4 ақпан күні сағ.10.00-де Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында (Астана ш/а) Қазақстан халқы Ассамблеясы Үйінің ғимараты салтанатты түрде ашылды.
Аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоқжанов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, БҚО ҚХА қариялар, аналар кеңестерінің өкілдері, БҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының және журналистер клубының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, облыстық басқармалардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жастар қатысып флешмоб ұйымдастырылды, аспанға бейбітшіліктің символы – ақ көгершіндер ұшырылып, ән мен күйден шашу шашылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Лұқпанұлы Тоқжанов өз сөзінде: «Достық үйлері Елбасы тапсырмасымен Қазақстанның өңірлерінде салынып, тапсырылды, бүгін сол тапсырма бойынша Орал қаласында Достық үйі пайдалануға беріліп отыр. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің мекені – Достық үйі Елбасы жария еткен Ұлт жоспары - «100 нақты қадамның» 4-бағытын жүргізуге арналған мекеме деп білеміз», - дедi.
Батыс Қазақстан облысында 90-нан астам түрлі этнос өкілдері тұрады және 48 этномәдени бірлестік, соның ішінде облыс орталығында - 17-сі жұмыс істейді.
Жаңа әкімшілік ғимаратта этномәдени бірлестіктердің 17 кабинеті, БҚО ҚХА жастар қанатының, ардагерлер кеңесінің кабинеттері орналасқан, сонымен қатар - 150 орындық концерт залы, 80 орындық конференц-зал (26-дөңгелек үстел) бар, медиация кабинеті жасақталып адамдарды қабылдауға дайын. Бұдан басқа Қазақстан халқы Ассамблеясының Үйінде 2 репетиция (дайындық) кабинеті және 2 хореография залы, тілдерді үйрету бойынша 3 сыныбы (мемлекеттік, ағылшын және ана тілін оқыту), костюмдерді сақтау, гримдеу бөлмелері де көзделген.
Сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ететін «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кабинеттері жұмыс істейді. Жаңа ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдарға да жағдай жасалған - пандустар, көтергіштер орнатылған, сондай-ақ соңғы үлгімен жабдықталған дыбыс жазу студиясы, дыбыс режиссерінің, жарық түсіру кабинеттері бар.
Салтанатты ашылу күні шақырылған қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді, сондай-ақ Тәуелсіздік күнінен бастап уақытты кері санау таймері қосылды, қазақстандық бірегейлікті және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобаның шеңберінде «Қайырымдылық керуені» акциясы басталып, іс-шараларға бастау беріліп, іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Толқын Нұрқуатова
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы