Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2016

2007

Батыс Қазақстан облысындағы Алғыс айту күні

Батыс Қазақстан облысында Алғыс айту күні барлық аудандар мен облыс орталығында, оқу орындарында, медициналық және мәдени мекемелерде 380-нен астам іс-шара өткізілді. Жоғары, орта оқу орындарында және мектептерде дөңгелек үстелдер мен ашық сабақтар өткізіліп, онда жастарға жер аудару тарихы, адамдарды эшелондармен  қазақ даласына әкелген қиын кездер, қазақ отбасыларының оларды паналатып, қолындағы барымен бөліскені туралы айтылды.

Негізгі іс-шара таңертең 1 наурыз күні корей этномәдени бірлестігі орнатқан  «Казақ халқына мың алғыс» монументінің алдында басталды.  Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиналғандарды елімізде алғаш рет атап өтілгелі отырған күнмен құттықтап, оның маңызы туралы айтып өтті.

- Алғыс айту күні – бұл барша қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің айнасы іспеттес, бірігіп көтерген күш жеңіл дегендей, халқымыздың даналығын, кеңдігін тарих өзі бізге айқындап беріп отыр, алдағы уақытта да бірігіміз жарасқан, тектігіміз биік, рухымыз мықты халық болуға тиіспіз, – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Корей халқы атынан жүрекжарды алғыс сөздерін Максим Пак, шешен этносының Қазақстанға қалай келіп, оларды қазақтар қалай қарсы алғаны туралы – Данильбек Саратов айтып берді, неміс этномәдени бірлестігінң басшысы Эдуард Фрицлер өз этносының атынан  қазақ халқына арналған алғысын жеткізді. Артынша  «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық  акциясы іс-шараларының аясында облыстық өлкетану музейінде Қазақстан халқы ассамблеясының залы ашылып, этномәдени бірлестіктер экспозицияларымен танысып, аралап шықты.

***

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада Алғыс айту күніне орай жастарға кезіндегі жүздеген жер аударылған адамдардың бүгінде туған жеріне айналған қазақ даласынан пана тапқан қиын кезеңі туралы айтылды.  Алғыс айту күні – біртұтас Қазақстан халқы үшін ерекше мереке.

 Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері де мыңдаған жер аударылған адамдардың Қазақстаннан қоныс тепкен қиын кезеңін еске алуды ұсынды. Студенттермен тарихшы-оқытушы және облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері кездесіп, қазақстандықтардың қазіргі кездегі  бірлігі мен ынтымақтастығының таңына қандай қиындықпен жеткенінен хабардар етті. 

Алғыс айту күнінің маңыздылығы туралы Орал-Яик казак атаманы Анатолий Авилов былай деді:

– Біз Қазақстандағы бейбіт өмір, тыныштық, жүзеге асырылып  отырған реформалар шынымен тұрғындардың өмір сапасын жақсартып отырғаны үшін Елбасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Соғыс болмай, осындай келісім мен достық орнаған уақытта өмір сүріп жатқанымыз үшін ризамыз. Бізде алауыздық жоқ, есесіне Қазақстан халқы Ассамблеясы біріктіріп отырған бірлігіміз бар. Жаңа Достық үйі салынды, біз оны асыға күткен едік, енді онда барлық этномәдени орталықтар орналасты, бәріміздің арамыздағы өзара түсіністікті нығайту бойынша жемісті қызмет үшін барлық жағдай жасалған. Биылғы жылы «Қайырымдылық керуені» жобасын, аз қамтылған, егде тартқан адамдарға қол ұшын созуды жалғастырамыз.  

Іс-шара барысында көркем өнерімен «Еднання» украин қоғамының өкілдері мен «Михайлов день» казак ансамблі сахна төрінен табылды. Осы күні кітапханаға келген жастар үшін тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

***

Алғыс айту күнін атап өту шеңберінде облыстық ІІД басшылығы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының Үйіне экскурсия ұйымдастырды, онда полицейлер Қазақстан этностарының шығармашылығы және дәстүрімен таныс болды. 

Қонақтарды «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры  Александр Әжғалиев пен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қарсы алды.   Құқық тәрбібін қорғаушыларға украин, корей, шешен-ингуш және өзге де этностар дәстүрінде рәсімделген бөлмелер көрсетілді. Қонақжайлылықтың ұлттық дәстүрлері туралы айтылған кезде оларды қазақ халқының салт-дәстүрімен салыстырып, қазақ халқының қуғын-сүргін жылдары көптеген зардап шеккендерге қол ұшын созғаны баса атап өтілді.

Кездесуге қатысушылар ҚХА үйінде азаматтық қоғамның басты құндылығы және қазақстандықтардың мақтан тұтарлық жетістігі ретінде Қазақстан халқының бірлігін сақтау қажеттілігі туралы пікірлесті.  

 – Қазақстан халқының ауызбіршілігі, біртұтастығы, өзара соғыс болып жатқан көптеген елдерге үлгі боларлықтай.  Біз республикамызда тұратын этностардың салт-дәстүрін құрмет тұта өмір сүруді өскелең ұрпаққа жеткізуіміз қажет, - деп атап өтті өз сөзінде А.Әжғалиев. 

Экскурсия соңында полиция қызметкерлеріне «Ассамблея – тұрақтылық пен келісім негізі» атты деректі фильм көрсетілді.

***

Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар шеңберінде төтенше жағдай жөніндегі облыстық департаменттің қызметкерлері  екі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасына атаулы көмек көрсетті. Балаларды оқыту үшін отбасы Орал қаласындағы жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр екен. Отбасындағы үлкен ұл  Айқын №15 арнайы мектепте оқыса,  кішісі Айбек психикалық-неврологиялық аурумен ауыратындардың «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығына барады. Айқын оған теледидар, бу үтік сыйлаған құтқарушылармен болған кездесуден қуанышын жасыра алмады. Бала мәз-мейрам болып сыйлықтарды айнала қарап, тұрмыстық техниканың қалай жұмыс істейтінін, құтқарушының жұмысы туралы қонақтардан қайта-қайта сұрады.  

Дене және ақыл-ой қабілеті нашар балалар өздеріне баса назар аударуды талап етеді. Мүгедектік – бұл ата-ананың басына түскен үлкен сынақ. Балалардың анасы Нұргүл Берденова құтқарушыларға алғысын жеткізді:

– Ауру балаларға көмектесетін адамдардың барына ризамын. Бізге көмек қолын созған құтқарушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз, - деді Нұргүл көз жасын сүртіп.

Айқынның өздеріне қарап жымиып, күлімсірегені – құтқарушы-офицерлер үшін  ең үлкен алғыс болды. 

   

   

   

   

 Толқын Нургуатова

 БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»

 КММ -нің баспасөз хатшысы.

 

Кейін қарай