Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2015

1019

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданыныңда Қоғамдық келісім кеңестерінің форумы өтті.

Қазталов ауданы орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Қоғамдық келісім кеңестерінің 1 форумы өтті. Форум жұмысына БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Форум жұмысы «Нұрлы бақ» саябағының ашылуымен басталды. Бұл саябаққа отырғызылған жеміс-жидек талдарын «20 ізгі іс» акция аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері сыйға тартты.

Салтанатты жиналысты жастар бимен ашып, қатысушыларды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов құттықтады.

Сонымен қатар, келген қонақтар «Қайырымдылық» айлығы аясында өтіп жатқан ардагерлер арасындағы теннис сайысын тамашалады.

Аудандық мәдениет үйінде «Этносаралық толеранттылықты нығайту және қоғамдық келісімді сақтау» тақырыбында Қоғамдық келісім кеңестерінің 1 форумын аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр баяндама жасап ашып берді.

Форумда сөз алған Жалпақтал ауылдық округі қоғамдық келісім төрағасы Ғилым Едекешов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері Бахрам Рахманов, Марина Васильева, Қазталов ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Фарзия Хасанова, Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиев, - елде Елбасымыздың көреген саясатының арқасында татулық пен бірлікте өмір сүріп, балаларымыздың болашағы үшін еңбектене берейік, -деген мазмұнда сөз сөйледі.

Сондай-ақ форумда сөз алған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов Ассамблея жылы аясында облыста атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті. Форумда арнайы қарар қабыланды.

Форум соңында концерттік бағдарлама мен түрлі ұлттардың тағамдары ұсынылды, балалар түрлі этнос өкілдерінің костюмдерін киіп би билеп, ән салды.

Ассамблея мүшелері мен форум қонақтары аудан тұрғындарына алғыстарын айтып, форум жұмысына оң баға берді.

БҚО «Қоғамдық келісім» КММ –сі

Кейін қарай