Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Тамыз, 2015

1459

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Дарьинск ауылының Шолохов музей-үйінде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының көшпелі отырысы өтті

Көшпелі отырысқа төрағалық еткен Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылан Досжанов. Жиынға қатысушылар - аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтердің ақпараттық насихат топ мүшелері, қоғамдық ұйымдар төрағалары, этномәдени бірлестіктер өкілдері

Көшпелі отырысқа төрағалық еткен Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылан Досжанов. Жиынға қатысушылар - аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтердің ақпараттық насихат топ мүшелері, қоғамдық ұйымдар төрағалары, этномәдени бірлестіктер өкілдері.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары А.Т.Досжанов: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жария еткен «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет –100 нақты қадам» атты бағдарлама құндылықтар мен басымдықтарды шын ниетімен қолдайтын мемлекет азаматтары арасында қызу талқылану үстінде. «Бұл бағдарлама сіздердің құзырларыңызға берілді. Елде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біз бұл жолдағы барлық қиындықты жақсы білеміз және осы сынақтардан сүрінбей өтіп, экономиканың даму қарқынын бәсеңдетпеу үшін жұмыс жасауымыз қажет. Бағдарлама - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары болып табылады», - деді.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапаков бес институционалдық реформа аясындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 4-ші - біртектілік пен бірлік бағытындағы жұмысты іске асыру туралы қатысушыларға баяндады.

Демократиялық транзит жағдайында азаматтық біртектілікті қалыптастыру және нығайту тақырыбы бойынша жиналғандарға М. Өтемісов атындағы университеттің мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы, философия ғылымының кандидаты, БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Павел Добряев ақпарат ұсынды.

«Үлкен ел – үлкен отбасы» атты ақпаратты БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, БҚО ҚХА ҚҚ «Дос» төрайымы Шохина Вера Кузьминична қатысушыларға таныстырып берсе, азаматтық біртектілікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының рөлі туралы М.Өтемісов атындағы университеттің ҚХА кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Салов Владимир Юрьевич айтып кетті. Отырыс соңында жиналғандарға талқылауға және насихаттауға барысына белсендірек қатысулары керектігі жеткізілді.

БҚО «Қоғамдық келісім» КММ 

   

Кейін қарай