Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қыркүйек, 2015

1611

Батыс және Оңтүстік бағытындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы жолға аттанды

Маңғыстау облысында 11 қыркүйек күні сағат 11:30-да Астана уақытымен 12:30) Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты республикалық тарихи-мәдени экспедиция бастау алды. Экспедицияның ұйымдастырушылары – Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы хатшылығы мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ.

Маңғыстау облысында 11 қыркүйек күні сағат 11:30-да Астана уақытымен 12:30) Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты республикалық тарихи-мәдени экспедиция бастау алды. Экспедицияның ұйымдастырушылары – Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы хатшылығы мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ.

Экспедицияға Ақтау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңынан старт берілді. Іс-шараға ЖОО студенттері, оқушылар, этномәдени бірлестік жастары мен төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары, Маңғыстаудың белсенді жастары, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы, «Ақ жол» Маңғыстау жастар қанаты мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын айтып, қатысушыларға ақ жол тіледі. Экспедиция мүшелеріне аймаққа белгілі ақсақалдар ақ батасын берді. Содан соң, аймаққа белгілі өнерпаздар жұртшылыққа ән мен жырдан шашу шашты. Ақтау қаласынан бастау алған экспедиция аясында ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина сөз сөйлеп, тарихи-мәдени экспедицияның маңызын айтып өтті. Содан соң, ҚР ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Амангелді Ғұмаров пен «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев маңғаз өлкенің тарихына тоқталып, жиналғандарды экспедицияның ашылуымен құттықтады.

Экспедиция қатысушылары ең бірінші Тобанияз Әлниязұлының ескерткішіне барып, оған гүл шоқтарын қойып, оның өмірі жайлы тың деректермен қанықты.

Белсенді топ, содан соң қарт Каспийдің жағасында орналасқан ұлу тастан қашалып жасалған қос өркешті түйе ескерткішіне барды.

Экспедиция қатысушыларының назарына үшінші Ақтау халықаралық теңіз портының  50 жылдық мерейтойы құрметіне орнатылған «Маяк» монументі ұсынылды.

Содан соң, олар көрнекті мемлекет қайраткері Жалау Мыңбаев, украин және қазақ ақыны Тарас Шевченко ескерткіші, Қазақстан компартиясының Шевченко қаласындағы бірінші хатшысы Виктор Захаров монументіне барып Маңғыстау тарихында із қалдырған жеке тұлғаларға тағзым жасады.

Экспедиция мүшелері  сосын Ақтау қаласының символы теңізбен жерді байланыстырып тұрған Христофор Колумбтың қоладан соққан «Санта Мария» каравелласының бейнесінде сомдалған «Ақтау кемесі» ескерткішіне барды. Олардың назарына сондай-ақ, ХХ ғасырдың 60-жылдарында Ақтауды көтерген жастардың 2017 жылғы жастарға қалдырған капсуласы да көрсетіліп, мол мағлұмат берілді.

Экспедиция мүшелері «МиГ-21С» самолетінің ескерткіші, ауған соғысы ардагерлерінің ескерткіші, «Мәңгілік алау» монументіне де барды.

Ақтау қаласындағы экспедиция Қашаған Күржіманұлының ескерткіші мен Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткішінде мәресіне жетті.

Экспедиция барысында ҚХА МО ҒСТ мүшесі Абланова Эльвира сөз алып, бұл іс-шараның маңызына тоқталды. «Ақтау қаласында басталған экспедиция 4 бағыт бойынша жүрді. 1- бағыт. Ел мен ердің, дала мәдениеті мен қала мәдениетін, көшпенділер өркениеті мен отырықшы халықтың басын біріктіретін тілсіз табиғат дерегі-қасиетті көне Каспий. Яғни, Каспий теңізіндегі ескерткіштерге саяхат жасадық. 2-бағытты Ақтау қаласының жүрегі деп атауға болады. Себебі, біз Ақтау қаласының 50 жылдық мерейтойына арналған Маякқа бардық. 3-бағытты Шөл даланың кемесі десек болады. Өйткені, біз кеменің ескерткішіне барып, ол жайлы мағлұмат алдық. Ал, 4-бағытты Маңғыстау тарихында із қалған жеке тұлғаларға тағзым дер едім. Өйткені, біз мұнда өлке тарихында із қалдырған батырлар, ақындар, қоғам қайраткерлерінің ескерткішіне бардық».

Маңғыстау облысындағы экспедиция 12 қыркүйек Қарақия ауданы, 13 қыркүйек Түпқараған ауданында жалғасып, 14 қыркүйек Маңғыстау ауданында мәресіне жетеді.

МОӘА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Кейін қарай