16 Наурыз, 2017
1148
Бауырлас қала қонаққа келді
15 наурызда Павлодар облысына губернатор Виктор Назаров бастаған Омбы облысының ресми делегациясы келді. Делегацияның құрамында мемлекеттік мекемелердің, бизнес қауымдастықтың өкілдері бар.
Делегация ең алдымен Омбы облысына көршілес жатқан Железин ауданындағы «Пахарь» ЖШС-ің агроқалашығында болды. Қонақтар 4200 бас асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде мұнда өндірістік және мәдени-сауық кешені, 12000 тонналық көкөніс қоймасы бар, жақында кәсіпорын шетелден 1200 бас асыл тұқымды мал сатып алды.
Жоспар бойынша түстен кейін Достық үйінің үлкен залында аймақ басшыларының ресми кездесуі өтті. Қонақтар барлық этномәдени бірлестіктердің орталықтарында болып, белсенді мүшелерімен танысты. «Нұр ана әлемі» қоғамдық білестігіндегі ақ жаулықты аналар делегация басшысын қарсы алып, ойыншық ақбота сыйлады.
Жиын барысында шекаралас аймақтардың инвестициялық және экономикалық әлеуеті таныстырылады. Сонымен қатар, екі тарап аймақтар арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге салалардағы байланыстарды нығайту туралы келісімге қосымша келісімшартқа қол қояды.
Ресей делегациясының бағдарламасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектебіне, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не, «Нефтехим ЛТД», «Казэнергокабель» АҚ-на бару көзделген. Ең соңында делегация «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына барады.
Омбы мен Павлодар облыстарының арасындағы шекара 265 километрді құрайды. Біздің аймағымыз көршілес облыстың сенімді сауда серіктесі болып табылады. Екі өңірдің арасындағы сауда айналымы жылына шамамен 100 млн. долларға жетеді.
Омбы және Павлодар қалалары 2015 жылы Павлодар қаласының ресми сапары кезінде бауырлас қалалар боп танылды. Сәуір айында Омбыда Павлодар облысының күндері өтеді. Шекаралас әрекеттестіктің шеңберінде Павлодар қаласы шығармашылық ұжымдарының концерті мен суретшілер көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Тараптардың айтуы бойынша осы сапар екі жаққа да тиімді әрекеттестікті одан сайын дамытуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді