Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Мамыр, 2016

908

БАЙҚОҢЫРДА ҚАЙЫРЫЛЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    Қызылорда облыстық ҚХА хатшылығының қолдауымен, «Қоғамдық келісім» КММ-сі, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Байқоңыр қалалық бөлімі мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен «Ардагерлерді аялайық!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырды.

    Іс-шара барысында жастар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің, сонымен бірге жалғызбасты қарттардың үйлеріне барып, оларды Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады. Қарттардың қал-жағдайларын сұрап қана қоймай, олардың бастан кешірген оқиғалары жөнінде әңгімелерін тыңдапған еріктілер, сый-сыяпат жасауды, үй-жайларын, аулаларын ретке келтіруге көмек беруді де ұмытқан жоқ.  

   

Кейін қарай