
29 Маусым, 2017
1214
Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара
2017 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы Достық үйінде Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері, этномәдени бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен өкілдері, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің жастары қатысты .
Кездесуді Алматы қ. ҚХА хатшылығының меңгерушісі Н.А. Балғымбаев ашты. «Этномәдени қарым-қатынастар саласындағы ЭМБ ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын дамыту мәселесі бүгінде ерекше орын алады. Алматы қ. ақпараттық алаңында 14 этностық газет пен журнал жұмыс атқарады. Газеттер кәріс, ұйғыр, түрік, неміс, армян, күрд, поляк тілдерінде жарық көреді. Неміс, кәріс, ұйғыр, әзірбайжан тілдеріндегі радиобағдарламалар эфирге тұрақты шығып тұрады. ЭМБ басым бөлігі жеке интернет порталға ие. «Танритан» ұйғыр телеарнасы қызмет көрсетіп келеді. Тілшілер клубы құрылды», - деді ол сөзінде.
Іс-шара барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Хамедов А.М. сөз сөйледі. Өз сөзінде: «Заманауи әлем тынысын ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Біз бүгін теледидар, радио, периодикалық басылымдар қызметкерлеріне және ақпараттық әлемімізді бай әрі жан-жақты ететін барша азаматтарға құрметімізді білдіреміз»,- деді.
Этномәдени бірлестіктер атынан «Барбанг» Қазақстан күрділері қауымдастығының жетекшісі Мирзоев К.И сөз сөйлеп, жиналған қауымды құттықтады. Сондай-ақ отырыс барысында «Менің Қазақстаным» бағдарламасының продюсері Цой Э.А., «Қазақстан дүнгендері қауымы» ҚБ жетекшісі Войнце А.В., «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Асметов Е.М., «Алматинский курьер «Полоний» журналының бас редакторы Червинский О.Ч., «Түрікел» медиа тобының президенті Халилова Х.Б., «Түрікел» газетінің бас редакторы Машадиев Р.А. сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Барлық қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде көптеген кәсіби мамандардың жұмысын атқаратындығын атап өтті. Олар өз еңбегімен мемлекеттің дамуына, қоғамдық келісімді, татулық пен өзара түсіністікті нығайту мен сақтау бағдарламасының табысты жүзеге асырылуына қомақты үлестерін қосып келеді.
Іс-шара соңында этносаралық қарым-қатынасты, достық пен татулықты нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін Алматы қ. Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс хаттарымен этномәдени бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен тілшілері марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды