
27 Сәуір, 2020
1033
Бекзат Алтынбеков: Асқақ мұраттар алаңына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, Қарағанды облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков Тәуелсіз Ұазақстанды бүкіл әлемге танытқан Елбасының сарабдал саясаты, 25 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның қазақстандықтардың өміріндегі орны туралы ой қозғайды.
Елдікті ойлап, еңселі болуды мұрат тұтқан азаматтың парызы – небары ширек ғасырда жас Қазақстан мемлкетін әлемге танытқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатына қолдау көрсету болуы керек. Елдік мұраттың бастауында елімен етене Елбасының сенімді серіктері мен қолдаушылары жүргенін бүгінгі тарихи дәуір екшеп үлгерді.
Қазақ халқы – тағдыры талайлы халық. Әлімсақтан кеңпейілділік пен мейірбандықты жанына серік еткен баба дәстүрі бүгінгі күнге дейін үзілген жоқ. Бұл – мұратты мұрагерлердің аманатқа адалдығы.
Біртұтас Қазақстан мемлекеті Тәуелсіздік жылдарында да жаһанға небір тарихи оқиғалардың куәсі болып, дәуірлердің тамаша үлгісін танытты. Дағдарыс болғанын жасыру мүмкін емес. Алайда, біздің әлемдік аренадағы ең басты артықшылығымыз – толқу болған жоқ. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы берік ынтымақ пен мызғымас достық біздің елдің тарихи құндылығына айналды.
Дәуір тынысы көрсетіп отырғандай, болмашы қаржы дағдарысын еңсере алмай, есеңгіреп қалған көршілеріміз бар. Олардың осалдығы сол – ішкі ымырасының жоқтығы. Ауызбірлік кемшін түскен жерде кемелдену тұрмақ, көшке үлесу мүмкін емес екендігін әлемді аузына қаратып, алты құрлықтың таңдайын қақтырған «Назарбаев нұсқасы» әлдеқашан дәлелдеп берген.
Ол әрине, Елбасының бастамасымен өмірге келген, асқақ мұраттар алаңына айналған - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Мұндай институт әлемнің бір мемлекетінің даму үрдісінде болған емес. Біржақты экономикалық бағыт ұстанып, тарихтың ұрымтал сәттеріндегі сын мен қатерлерге төтеп бере алмай жатқан елдердегі дағдарыс біздің даналықты қазық еткен дара дамуымызды айналып өткенін көзіміз көріп отыр. Бұл қалай мүмкін болды?
Тарих теперішімен Қазақстан азаматына айналған өзге ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бір отбасының мүшелеріндей ортақ мүддеге жұмылу арқылы сындарлы сәттен сүрінбей өтті. Олардың өз тілдері мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын дәріптеуге ешқандай кедергі болған жоқ. Керісінше, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, гранттар бөлу арқылы ұлтаралық татулықты насихаттайтын ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Осының барлығы – Елбасы саясатының көшбастар көрегенділігі еді.
Менің туған тұғырым Сарыарқа – еліміздің индустриялды жүрегі ғана емес, жүздеген ұлттың тату-тәтті тірлігі мен бірлігі салтанат құрған алтын бесік. Ұлан-ғайыр аумағына сай кеңпейілді халқы бар. Осы бір құнарлы да, киелі топырақты алуан ұлт пен ұлыс өкілдері қасиетті Отаны санайды. Тағдыры Сарыарқамен тамырласқан қазақстандықтардың ортақ мүддесі орасан игіліктің бастауына айналып, ортақ мақсаттар төңірегіне топтасты. Елбасының еңбек Отаны, Көшбасшылық қадамдарының бастауы болған Қарағанды өңіріндегі өрелі істерді жалғастыруда ел тізгінін берік ұстаған азаматтар арасында да бірнеше ұлт өкілдері бар. Бүгінгідей елімізді алаңдатып, індет тарап тұрған уақытта жұмылып жұдырық болып, олардың барлығы қарақан басының қамы үшін емес, қараормандай қазақстандықтардың ортақ тағдыры үшін алаңдаулы. «Бір жеңнен – қол, бір жағадан – бас шығара» ынтымақтасқан мүдделестер қиындықты бірге еңсеріп, татулықты сақтап, ел ырысын еселеу жолында аянбай еңбек етуде. Дені – менің ортақ істегі сенімді серіктерім.
Сарыарқа төсіндегі этнос өкілдерінің басым бөлігі – Кеңестік жүйенің солақай саясаты салдарынан тарихи отанына ауа көшкендер. Саналарындағы сағыныш салмағын, жүректеріндегі өз отанына деген сезімдерін Сарыарқадағы салтанаты жарасқан жайдары тірлікке жеңдірген. Кешегі солақай саясаттың салқынын бүгінгі кемел көшбасшылықтың көшелі үлгісі ығыстырған. Олардың көбімен доспын. Сырласамыз, ортақ пікірге тоқайласқан сәттеріміз де жетерлік. Біз біргеміз!
Барша қазақстандықтарды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Ел іргесі сөгілмей, бірлігіміз бекем, арман-мақсаттарымыз орындалғай!
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.