
23 Қыркүйек, 2021
778
Бекзат Алтынбеков: «Әр ұлт үшін азат ел болу – ұлы арман».
Әр ұлт үшін азат ел болу – ұлы арман. Жер бетінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс!
Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуы жолындағы тарихи ірі істерге ұйытқы болған, егемендіктің алғашқы қиын кезеңінде халқын «ұлы жетістіктерге» жетелеген Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы орайда «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» -деп, өзінің биік бағасын бергені бізге қашан да рух беріп тұрады.
1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл – еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан, төл тарихымызда алтын әріппен жазылатын ең қастерлі жыл. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты. Ширек ғасырдан астық.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес», деген болатын.
Өткен уақытты сараласақ, Тәуелсіздіктің 30 жылында ел тарихында үлкенді-кішілі көптеген жұмыстар атқарылды: экономикамыз қарқынды дамып, әлеуметтік салаларда бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткіздік. Сонымен қатар, мәдени-рухани өмірімізде де айтарлықтай өзгеріс орын алды.
Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Экономикалық байланысымыз даму үстінде. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі болуда. Біздің мемлекетіміз өзінің даму жолында маңызды қадамдар жасады және айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында әрі тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін.
Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елдермен иық тіресер жағдайы бар еңселі елге айналды. Елімізде айқын стратегиялар мен баянды бағдарламалар алға қойылып, тиімді түрде іске асты. Қазақ жерінде жаңа бағыттағы оқу орындары, мектеп-балабақшалар, аурухана-емханалар, әлеуметтік ғимараттар салынып, сан түрлі нысандар бой көтерді. Құрылыс және сәулет саласында да әлемдік талаптарға сай ілкімді істер атқарылды.
Елорданы Алатаудан Арқаға көшіру, жаңа астана салу – Тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің даму барысын айқындап берген дәуірлік оқиға болды. Елорда бүкіл республика өмірінің реңі мен қарқынын белгілейді. Нұр-Сұлтан бүгінде тәуелсіз Қазақстанның келбетіне айналды.
Осы жылдар ішіндегі еліміздің жарқын жетістіктері жайлы сөзіміз таусылғанша жазып, деміміз жеткенше айтуға болады. Біз осының барлығына куә болып отырған бақытты ұрпақпыз. Атқарылған жұмыс көп, алға қойған мақсат бар. Сондықтан, «Біріңді қазақ, бірің дос...» -деп, Хәкім Абай айтқандай, ісіміздің бәрі бос болмас үшін береке-бірліктен ажырамай, ел болып ұлы мұраттарға жету жолында бір бағытта жүруге, белсенді болуға тиіспіз.
Маңдайымызға бақ болып келген асыл қазынамыз – азаттық үшін әуелі Жаратқанға сансыз мадақ, алып та дана, көсем де дара бабаларымызға мың алғыс!
Егемен еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болғай!
Тәуелсіздігіміз әрдайым баянды болсын!
Бекзат Алтынбеков
Қарағанды облыстық ҚХА төрағасының орынбасары,
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті