23 Қараша, 2016
1563
БЕЛАРУСЬ МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Қазақстан Республикасы – 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын көп этносты мемлекет. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында кез келген ұлт өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуға құқылы. Өзге ұлттардың мәдениетін құрметтей отырып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру мүмкіндігіне ие.
Бүгінде әр ұлт төл мәдениетін сақтап, оны өзге халықтарға танытып жүр. Солардың бірі – беларусь халқы. Ақтау қаласының №4 гимназиясында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Беларусь мәдениетінің күні» іс-шарасымен қатар, беларусь халқының ұлы ақыны Янка Купаланың туғанына 135 жыл толуы аталып өтті.
Іс-шара ҚР әнұранымен ашылды. Оған Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының хатшылығы, этномәдени бірлестік өкілдері және ұстаздар мен оқушылар қатысты. Мерекелік бағдарламада беларусь халқының ұлттық әндері шырқалып, билері орындалды. Ұлттық аспаптарында әуендер ойналды. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары дәріптелді. Қонақтар беларусь халқының қолөнер бұйымдарын тамашалап, ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар Янка Купаланың өмірбаянымен таныстырып өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Янка Купаланың өлеңдері табиғатқа, халқына деген сүйіспеншілігіне арналған. Өлең шумақтарында беларусь халқының бодандықтан құтылып, тәуелсіздікке қол жеткізеді деген үміт байқалады.
Галина Александровна Гусейнова – беларусь этномәдени бірлестігінің төрайымы: «Көк аспан астында бір отбасы секілді бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру – Н.Ә. Назарбаевтай Елбасы көш бастаған көп ұлтты мемелекетіміздің саясаты».
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10