07 Наурыз, 2019
2032
Белгілі ақын Шөмішбай Сариев Алғыс айту күніне жаңа туындысын арнады
Алматы қаласындағы Достық үйінде Алғыс айту күнін атап өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері мен жетекшілері, еңбек ардагерлері, ҚХА ҒСК мүшелері, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, «Жарасым» РЖБ жастары, кәсіби және көркем шығармашылық ұжымдар, Достық үйінің серіктестері қатысты.
Алғыс айту күні – тағдыр тауқыметімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қиын-қыстау заманды бастарынан бірге өткеріп, азаматтардың бір-біріне деген ризашылықтарының белгісі болып табылады. Бұл туралы ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері өз сөздерінде атап өтті.
Іс-шара барысында көркем шығармашылық ұжымдар мен жас дарындар өнер көрсетті. Сондай-ақ, қонақтар ҚР Халық әртісі, белгілі композитор Мұрат Серкебаевтың жетекшілігімен Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрінің орындауындағы отандық және әлемдік классика жауһарларын тамашалады. Өз кезегінде белгілі ақын Шөмішбай Сариев аталмыш мерекеге жаңа туындысын арнады.
Қатысушылар өз алғыстарын өлең жолдарымен жеткізген балалар мен ҚХА жастарының аға буынға деген алғыстарын ерекше ілтипатпен қабылдады.
Алғыс айту күнінің нышанына айналған қазақтың дәстүрлі тағамы – «Құрт» барлық қатысушыларға таратылды.
Іс-шара соңында қазақ халқының «Бата беру» дәстүріне сай ҚХА ардагерлері мен аға буын өкілдері жастарға ізгі тілектерін білдірді.
Сондай-ақ, Достық үйінің холлында іс-шара қонақтары арнайы «Алғыс кітабына» ізгі тілектерін қалдырды.
Іс-шарад түрлі этностардың ұлттық тағамдарынан дәм татумен аяқталды.
Жиын барысында жастар орталығын құруға қолдау көрсеткен этномәдени бірлестік жетекшілеріне Алғыс хаттар табыс етілді.
Дата события ассамблеи: 07.03.2019
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті