26 Мамыр, 2015
1223
Белсенділік танытуға шақырды.
Оңтүстіктегі этномәдени бірлестік төрағалары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 2015 жылғы 13 мамыр күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференц-залында «дөңгелек үстел» басына жиналып, ҚХА-ның ХХII сессиясында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жайын талқылады. «Мәңгілік ел: жасампаз еңбек, бейбітшілік пен келісім – ортақ құндылық» тақырыбына арналған жиынды ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары – ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов жүргізіп отырды.

Жиында ҚХА ОҚО хатшылығы жанындағы ғылыми – сараптамалық топтың мүшелері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғалымдары С.Қорғанова мен С.Кәрібаев баяндама жасады. Алғашқысы «Мәңгілік елді» қалыптастырудағы басты бағыттар туралы ойын ортаға салса, екіншісі Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгіні, болашағы туралы сөз қозғады.
Ағымдағы жылғы 23 сәуір күні ҚХА-ның ХХII сессиясында Мемлекет басшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев бес халықтық реформаны жүзеге асыруда Ассамблея мүшелерінің маңызды рөл атқаруы тиістігін айта келе, олардың алдына бірқатар міндеттер қойған болатын. Сол міндеттердің бірі - өскелең
ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. ҚХА ОҚО хатшылығы жанындағы ғылыми – сараптамалық топтың төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы А.Қалыбекова бала тәрбиесі жайына тоқталды. «Әрбір отбасы баланы татулыққа,бірлікке кішкентай кезінен тәрбиелеуі керек» деді ол. Педагог ғалым осы орайда жастар арасында ұлтаралық қатынастарға қатысты түрлі байқаулар ұйымдастыру, лингвистикалық лагерьлер ашуды ұсынды. Сонымен қатар, Ассамблея мүшелерін телеарналардағы теріс тәрбие беретін ақпараттар мен бағдарламалардан тазартуға күш салуға шақырды.
Облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы С.Акбердиева, «Южный Казахстан» газетінің тілшісі А.Масалева мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Маймақовта өз ұсыныс –пікірлерін білдірді.
ҚХА-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық хатшылығы ұйымдастырған «дөңгелек үстел» мәжілісіне этномәдени бірлестіктер төрағалары, ассамблея жанындағы ғылыми – сараптамалық топ және Аналар кеңесі мүшелері, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы бейбітшілік, қоғамдық келісім және этносаралық келісім мәселелері жөніндегі «Ел бірлігі» депутаттық тобының өкілдері мен жастары қатысты.
«Дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысушылар жиын соңына қарар қабылдап, облыс тұрғындарын Елбасы ұсынған бес халықтық реформада, «Қазақстан -2050» стратегиясында, «Нұрлы Жол» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмола облыстық БАҚ-ты ҚХА 25 жылдығын кеңінен жариялауға шақырды
-
Белсенділік өмірді ұзартады!
-
Израиль елшісі павлодарлық жастарды өз елінің оқу орындарында білім алуға шақырды
-
Ақмола облыстық орыс қауымының төрағасы тілек білдірушілерді «Дәстүрлі шомылу рәсіміне» қатысуға шақырды
-
Жамбылдықтар да жалпықазақстандық ашық диктанта белсенділік көрсетті.
-
Әскерилер Ассамблеяны қонаққа шақырды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
сегодня, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
сегодня, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды