Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2015

1475

«Берегиня» орыс әні халық ансамбліне 25 жыл!

6 желтоқсан Теміртау қ. Мәдениет үйінде «Берегиня» орыс әндерінің халық ансамблінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық концерті болып өтті. 

6 желтоқсан Теміртау қ. Мәдениет үйінде «Берегиня» орыс әндерінің халық ансамблінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық концерті болып өтті.

Шығармашылық ұжымды құттықтауға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Бауржан Рапиков, Қарағанды облысы «Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқарамасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы - Қадір Әшкеев, облыстық сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының директоры – Қағиза Сәдуақасова, «Сарыжайлау» кинотеатры директорының орынбасары – Галина Фарина келді.

Мерейтойлық концерт «Да нынче Купалы» сахналық бағдарламасымен ашылды. Ансамбль аталмыш бағдарламамен Краснодар өлкесі Темрюк қ. өткен «Живая культура» Х халықаралық фольклор байқауында «Традиционные обрядовые программы» номинациясы бойынша жүлдегер атанған болатын.

Концертте орыс халық әндері, соғыс жылдарындағы әндер, белгілі орыс фильмдеріндегі және әдет-ғұрып, күлкілі, авторлық әндер орындалды. 

Теміртау қ. Мәдениет үйі құрамындағы «Красная гвоздика» ардагерлер хоры және «Альрами» хореографиялық ансамблі «Берегиня» халық ансамбліне үлкен қолдау көрсетті.

Ансамбль 1990 жылы Металлургтер техника және мәдениет үйі жанынан музыка мектебі оқытушысы Светлана Гежаның бастамасымен құрылған болатын. Светлана Гежаның айтуынша, ән әлеміне кездейсоқ келген жоқ. Шығармашылыққа жақын болған ата-анасы, Светлана Камиловнаның мамандық таңдауына зор ықпал еткен. Қазіргі кезде өмірлік серігі, ұлдары мен немерелері де ұжым төрайымының шығармашылығын шыңдауына үлкен қолдау көрсетіп жүр.

 

Светлана Камиловна:

- Біздің ата-бабаларымыз, ертедегі славяндар әйел адамына құрмет көрсетіп «Берегиня» деп атаған. Біздің ансамбльдің атауы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, халық әндерін сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу символы іспеттес, - деп өз ойымен бөлісті.

Жыл өткен сайын ансамбльдің шығармашылық әлеуеті артып, репертуарға фольклор, әдет-ғұрып әндері қосылып, акапелламен айтуды дамыта түскен. Осылайша ұжым репертуарында «Из глубины веков», «Родные истоки», «Масленица», «У нас ныне белый день», «Деревенские посиделки», «Песни-птицы», «Венки Купалы», «Эх, бабоньки!», «На круге казачьем», «Задушевные товарки. У прясла» және басқа да концерттік бағдарламалары дүниеге келді.

  

2002 жылы ансамбль «Халықтық» лауазымына ие болды. Ұжым құрамында 17 жастағы жасөспірімдер мен 60 жастағы азаматтар өнер көрсетеді.

2000 жылдары Светлана Камиловна Мәскеудегі сапарында Халық шығармашылығы Ресей мемлекеттік үйінде болып, қазақстандық ансамбльді таныстырып, жыл өтпей жатып теміртаулық ұжым «Поет село родное» жалпыресейлік фестиваль-байқауға шақырту алды.

Жыл сайын ансамбль Қарағанды қаласында өткізілетін ұлттық мәдениет дәстүрлі облыстық фестиваліне қатысады. Ресейдің әр облысында айтылатын халықтық әндерді жергілікті халыққа дәріптеп жүрген жайы бар.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

Кейін қарай