03 Мамыр, 2018
2140
Береке бастауы – бірлік
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі «Достық» алаңында кең көлемде атап өтілді. Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің ұлттық нақыштағы концерттік бағдарламасы, салт-дәстүрмен сабақтасқан қойылымдары алаңға жиналған көрермендерді ерекше тәнті етті. Бірлігі жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметі, татулығы мен бірлігі алаңға сән берген алып бәйтеректей жайқалып жарасып тұрды.
Бүгінде бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай ынтымақта ғұмыр кешкен этномәдени бірлестіктің өкілдері жиналған жұртшылыққа жеті түрлі ұлттың салт-дәстүрінен сыр шертер қойылымдар қойды. Атап айтар болсақ, «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы» шілдехана тойынан, «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» тұсаукесер дәстүрінен, «Ұйғыр этномәдени бірлестігі» үлкендер мен жастардың «Мәшірәп» атты басқосу кешінен, «Түрік этномәдени бірлестігі» келін түсіру, «Орыс этномәдени бірлестігі» «Выкуп невеста», «Неміс этномәдени бірлестігі» жастардың үйлену дәстүрлерінен қойылымдар көрсетті. Ал, «Корей этномәдени бірлестігі» асқаралы 60 жастың мерейтойынан көрініс арқылы үлкенге құрмет көрсетудің үздік үлгісімен таныстырды. Этномәдени бірлестік өкілдерінің ақсақалдары «Өмір ағашына» орамал байлап, ақ тілегін арнады. Игі шара «Достық» биімен өрнектеліп, жас баланың «Атамекен» әнін орындауымен жалғасты. Зеңгір көкке бейбітшілік символы көгершіндер ұшырылып, шарлардан жасалынған алып шаңырақ көрер көзді тәнті етіп қалықтап тұрды.
Мереке Алматы және Тараз қалалары мәдени орталықтары әртістерінің қатысуымен концертке ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді