21 Желтоқсан, 2015
1461
Бес институционалды реформа – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
21 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясының Қарағанды филиалының ғимаратында «Бес институционалды реформа» - мемлекет дамуының жаңа кезеңі» атты халықаралық форум өткізілді. Форум қазақстандық қоғамды жетілдіруге бағытталып, бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын талқылауға арналды.

Форумның жұмысына Оңтүстік Корея, Кения және Ресейден профессорлар, доценттер мен магистранттар, шетелдік сарапшылар, сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттары және мәслихат депуттары, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен шығармашылық интеллигенция, үкіметтік емес ұйымдардың және саяси партиялардың мүшелері, облыс белсенділері атсалысты. Сонымен бірге, форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы – Ералы Тоғжанов және Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бурханов арнайы қатысты.
Жиында төрағалық еткен облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков форум жұмысының басталуымен құттықтады:
- Алқалы жиынның басты мақсаты – Мемлекет басшысы ұсынып, әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын тапқан өте маңызды және ауқымды жоспар - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы бес институционалдық реформаны талқылау болып табылады, - деді.
Мұндай іс-шараларды өткізу - Мемлекет басшысының жаңа бағдарламалық құжатының басты мақсатын терең түсінуге, дамыған 30 елдің қатарына кіруге сара жолды қамтамасыз ететін Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы негізгі бағыттарды анықтауға мүмкіндік бермек.
- Бұл бағдарлама Қазақстанды ғана емес, әлем мемлекеттерін үдемелі дамуға жетелейтін жетекші бағдарлама. Оның барлық аспектілерінің болашағы зор, мені білім саласына бағытталған жоспарлары қатты қызықтырды. Менің аталмыш форумға қатысу мақсатым да Оңтүстік Корея мен Қазақстан Республикасының білім жүйесін салыстыру. Себебі Оңтүстік Корея білім саласында орнын толтыратын ақаулар жеткілікті, қазақстандық білім саласынан үйренеріміз бар деп ойлаймын, - деп Оңтүстік Кореядан келген профессор Миём Хонг өз ойымен бөлісті.
Форум бағдарламасында секциялық дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізіліп, Қарағанды қаласы жоғары оқу орындарының студенттері спикерлермен әңгімелесуге мүмкіндік алды.
- Біз үшін бұл қазақстандық-ресейлік қарым-қатынасты дамытуға арналған жаңа бағыт деп білеміз. Еуразиялық интеграция бағытындағы Қазақстан тұрақтылығының дәлелі. Қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан мен Ресейдің алдында бір міндет тұр. Эконмиканы дамытудағы мәселелерді шешуде екі елдің де ұстанымы ұқсас, - дейді Ресей стартегиялық институтының ғылыми қызметкері Максим Лихачев.
Форум аясында қатысушыларға Долинка елді-мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына және қала ішінде экскурсия ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim_krg@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады