05 Қыркүйек, 2016
1027
Беслан құрбандарын еске алу
Маңғыстау облысының Достық үйінде 2004 жылы Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектепте болған террорлық шабуыл құрбандарын еске алу іс-шарасы өткізілді. Оны ұйымдастырушы - «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің өкілдері. Іс-шараға этномәдени бірлестіктер басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, мектеп оқушылары мен ұстаздары, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің өкілдері қатысты.
Іс-шара 1 минут үнсіздікпен басталды. «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Биркле Фатима Михайловна өз сөзінде лаңкестік шабуылында қаза болған 200-ге жуық ересектер мен балалар туралы еске алды:
- 2004 жылы 1 қыркүйекте содырлар Бесландағы №1мектепті басып алған болатын. Содан бері міне 11 жыл өтті. Алайда, ол қанды оқиға біздің жүрегімізде жатталып қалды. Оны ұмыту мүмкін емес. Бүгінде мыңдаған адам қанды оқиға болған жерге келіп, гүл шоқтары мен ойыншықтар қойып, қаза тапқан балаларды еске алады. Бұл қайғылы жай , ешқашан ұмытылмайды...» - деді ол.
Содан соң, ұйымдастырушылар Бесландағы қайғылы оқиға жайында түсірілген деректі фильм көрсетіп, құрбандарының рухына арналған жазбаларды нақышына келтіріп оқыды.
Іс-шара барысында шақырылған қонақтардың әрқайсысы сол күнгі жантүршігер оқиғаны еске алып, мұндай қасіретті бастан кешкен адамдарға жанашырлық тілектерін айтты. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін, ХХІ ғасырда террорлық шабуылсыз, соғыссыз, ядролық қарусыз әлем құрудың қажеттігі туралы айтты.
Барлық қатысушылар сөз сөйлеп, Отанымыз – Қазақстанның жер бетіндегі тыныштықты сақтауға қосып отырған үлесі туралы өз ойларын ортаға салды.
Жиналғандар мұндай қорқынышты күнді ұмытпаған жөн екендігін айтқандарын атап өту керек. Беслан құрбандарын еске алуға арналған бұл іс-шара адамдарды жазықсыз құрбандарды еске алу арқылы, отандастарымыздың бейбітшілік пен тыныш өмірді бағалай білуіне шақыратын тағы бір талпыныс болып табылады.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Бірлігіміз - әралуандықта» жобасы таныстырылды
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
-
«Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті