
08 Қыркүйек, 2016
2096
Бейбітшілік, достық және мейірімділік жолымен! Қостанай облыстық Достық үйі мерейтойын атап өтті.
Осыдан 10 жыл бұрын 7 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шаңырағының астында 16 этномәдени бірлестіктің басын қосқан облыстық Достық үйінің тұсаукесерінде болған еді. Бүгінгі күні 18 қауымдастық жұмыс жасайды: кейіннен «Асаба» қырғыз ЭМБ және «Ахысқа» түрік ЭМБ тіркелді.
Достық үйінің ашылу мақсаты ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жаңғырту, сондай-ақ өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды. «Қоғамдық келісім» КММ-де 8 қауымдастық жанында жексенбілік мектеп жұмыс атқарады, шығармашылық ұжымдар құрылып, олар әртүрлі сахналық алаңшаларда өнерін көрсетіп жүр.
Жергілікті жерде Қазақстан халқы Ассамблеясының идеясын жүргізуші ретіндегі Достық үйі қызметінің бірінші кезектегі миссиясы қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті, ең бастысы бейбітшілікті сақтау болып табылады, - дейді Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова. Ал бейбітшілік рәмізі ақ көгершін болып табылатынын білесіндер және олар мерекелік іс-шарамыздың ең басында «Балдәурен» балабақша директоры Ирина Сероустың ықыласы бойынша Таран ауданы Балалар Ассамблеясының жас өкілдерінің әуе шарларымен бірге аспанға ұшырылды.
25 ақ көгершіннен басқа аспанға сары және көк әуе шарлары жіберілді. Олар алдағы мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналды. Мереке ашық аспан астында – облыстық мәдениет басқармасының ішкі ауласында өтті, ол жерде этномәдени бірлестіктердің сәнді-қолданбалы шығармалары, «Ассамблея тұлғалары», Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 10 жыл бұрын түсірілген фотолар көрмелері орналастырылды.
- 2006 жылы «Мы вместе» патриоттық өлеңін біздің Президентімізге айтып беру сәті түсті. Ол кезде мен 7 жаста едім, бірақ бәрі есімде қалды. Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесіп, фотоға түскен балаларды көру тамаша сезімге бөледі. Ол «Қоғамдық келісім» КММ залында ілулі тұр. Қостанайлықтардың Достық үйі алдында тұрып Елбасын қарсы алу сәті әлі есімде, - деп еске алды №2 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Анна Уварова.
Осы күндер Достық үйінің бастамасындағы бірінші директорлар - Юрий Ивлев және Антон Трухановтың естерінде, олар әкім орынбасары Марат Жүндібаевтың қолынан өңір басшысының қолы қойылған алғыс хаттарды алды. Сондай алғыс хатты жемісті және белсенді шекараластық қызметтестік үшін Челябі облысы халықтарының Достық үйі директоры Юлия Лапидус алды.
- Қостанайға түрлі іс-шараларға қатысу үшін біз жыл сайын келіп тұрамыз, өзімізбен қызықты ойларды әкетіп тұрамыз. Бізді тек тарих, шекара ғана емес, сондай-ақ рухани байланыс жақындастырады. Және осы достық жыл сайын күшейіп келеді. Қостанайлық әріптестерді мерейтойларымен құттықтай отырып, оларға игілік және барлық жақсылықты тілегім келеді, - деп айтып кетті Юлия Александровна.
Алғыс хаттарын Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының бұрынғы меңгерушілері В.Г.Вишниченко, Б.А.Дандыбаев, Т.В.Петрухно, сондай-ақ биыл Достық үйімен бірге еңбек жолының 10 жылдығын атап өтіп жатқан «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Сергей Калмыков та алды. Облыстық мәслихат хатшысы С.Е.Есжанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Ү.Үкин, облыстық орыс театрының директоры, орыс қауымының төрағасы Ю.И.Ивлев «Қоғамдық келісім» КММ-ге құттықтау сөздерін арнады.
Достық үйінің 10 жылдық жұмысы уақытында жүзден аса түрлі жобалар, акциялар, флешмобтар, іс-шаралар, концерттер, диалог алаңдары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» сөздері арқылы өтіп жатты. Қазіргі мереке қорытындысын шығару және жаңа маңызды жобалар жоспарлау үшін мәре болып табылады, - деп айтып кетті «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаламқас Сандыбаева.
Келген қонақтар 10 жылдыққа арналған концерттік бағдарламаны ғана тамашалаған жоқ, олар арнайы баннерде мерейтойшыларға тілегін жазып, түрлі ұлттық костюмдердегі фигуралармен сәнделген торттан ауыз тиюге мүмкіндігі болды. Салмағы 50 кг. ол торт осы күнге арнап арнайы пісірілді.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Коғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті