12 Маусым, 2024
369
Бейбітшілік және келісім керуені: Астана қаласында тақырыптық дөңгелек үстел өтті
Қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ Қазақстанды этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында бірегей тәжірибесі бар ел ретінде ілгерілету. Осы және басқа да өзекті тақырыптар «Азия және Еуропа халықтары мәдениеттерінің шығармашылық фестивалі» Халықаралық бейбітшілік және келісім керуені» тақырыбында дөңгелек үстел барысында талқыланды.
Іс-шара «Amanat» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қорының бастамасымен өтті. Қатысушылар түрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, өзара мәдени алмасу, сондай-ақ Қазақстанның этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы бірегей тәжірибесін ілгерілету мен таратудағы халықтық дипломатия факторын талқылады.
«AMANAT» партиясының саяси платформасында айтылғандай: бейбітшілік, келісім және бірлік – біздің мемлекетіміздің негізі. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Керуенге қатысушылар халықаралық қоғамдастықта халықтық дипломатия қағидаттары бойынша еліміздің оң имиджін дамытуды жақтайды. Бұл жерде ерекше терең мағына бар – Қазақстан азаматтары әлемге өздерінің ашықтығын көрсетуде», - деді «AMANAT» партиясы саяси жұмыс департаментінің директоры Еркебұлан Жауылыбаев.
Кездесуге қатысушылар «Азия және Еуропа халықтары мәдениеттерінің шығармашылық фестивалі» Халықаралық бейбітшілік және келісім керуенінің II кезеңінің басталуын талқылады. «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қорының президенті Руслан Абдуллиннің айтуынша, керуен мәдени мұра мен шығармашылықтың жетістіктерімен өзара алмасуды күшейтуге және әртүрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты нығайтуға арналған.
«Біздің қызметіміз 1995 жылы, Қазақстаннан келген белсенділер тобы жанжал тараптарын келіссөздер үстеліне отыруға шақыру үшін Шешенстанға барған кезде басталды. Бұл халықтық дипломатияның миссиясы болды. Қазіргі уақытта біз ту шерулерін, концерттік бағдарламалар мен мерекелер өткіземіз. Біздің міндетіміз – елдегі тыныштық пен бейбітшіліктің басты кепілі халық екенін көрсету. Барлық жерде Қазақстанның туы мақтанышпен өтеді. Айта кетейін, біз Кавказға барған кезде жергілікті тұрғындардың кейбіреуі бізбен қазақ тілінде сөйлесті. Өткен ғасырдың 40-жылдарында қазақ жерінен баспана тапқандар бұны ұмытқан жоқ, кейінгі ұрпаққа да айтып жүр», – деді ол.
Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшин Италиева этносаралық саладағы жанжалдардың алдын алу мәселесі туралы айтып берді.
«Этномедиацияны дамыту 2015 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Өңірлерде ҚХА медиация кабинеттері ашылып, 1000-нан астам адам этностар арасындағы жанжалды жағдайларды болдырмау бойынша оқудан өтті. Этномедиацияны дамыту этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың жаңа кезеңі болып табылады және әр түрлі тәуекелдер мен сын-тегеуріндердің алдын алуға әрқашан дайын болу қажеттігін білдіреді», - деді ол.
Дөңгелек үстел барысында ішкі істер, мәдениет министрліктерінің, Ұлттық ұланның өкілдері, түрлі қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің мүшелері сөз сөйледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады