Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қыркүйек, 2016

932

Білім күні Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге

1 қыркүйек күні Республикамыздың барлық мектептерінде алғашқы қоңырау сыңғырлап, халықаралық Білім күнімен жаңа оқу жылы басталды.

Биыл Өскемендегі көптеген қала мектептерінің ашық сабақтарына ШҚО ҚХА Хатшылығының басшысы Нұрғазиев А.Қ., Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, Қоғамдық келісім кеңесінің және ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері қатыстып, барша оқушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

Сабақ барысында оқушыларға негізгі бағдарламалар: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жайлы мағлұматтарды түсіндірді. Іс-шара соңында оқушыларға  жақсы білім алып, өз елінің лайықты азаматтары болып өсулеріне тілектестік білдірді.

Кейін қарай