Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Тамыз, 2015

1149

Білімді қоғам – мемлекет тірегі

Қарағанды қаласы Мемлекеттік техникалық университетінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілгін отырысы өтті.

Қарағанды қаласы Мемлекеттік техникалық университетінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілгін отырысы өтті.

Дөңгелек үстел тақырыбы «Техникалық және кәсіптік білім беріу ұйымдары мен жоғарғы оқу орындарында «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» идеясын жүзеге асыру».

Аталмыш іс-шараға облыс әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, Бауыржан Рапиков, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, Балхаш, Жезқазған, Теміртау қалалары мен облыстағы басқа да кәсіптік-техникалық оқу орындары мен колледждердің басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында білім саласындағы өткір проблемалар қарастырылды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға колледждерді мемлекеттік, жекеменшік деп бөлмей, екі тарапқа да біркелкі қарым-қатынас қалыптастыру, ақпараттық- насихаттық жұмыстарды қарқындату алдағы міндеттелді.

Заманауи қоғамда білім саласының қалыптасуы мен дамуы – мемлекеттің берік бір іргесі іспеттес. «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлттық жоспарының көздеген бас мақсаттарының бірі осы. «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» идеясын іске асыруда білікті маман даярлау қазіргі уақыт сұранысы болып табылады.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті Нұрлан Қазбеков өз сөзінде: «Бізді біріктіретін ортақ мақсаттар көп. ХХ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болды. Адамзаттың моральдық және материалдық капиталына айналды. «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» идеясын дамыту мақсатында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Адамзат дамуының ерекше мүмкіндігі және еңбек қоғамында білім мен біліктіліктің абыройын арттыру керек» деп айрықша айқындап өтті. Осы міндеттерді мінсіз атқаруға дайын болу керек», - деді.

Ғылыми-техникалық прогресс заманында Қазақстанда бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған біліммен білікті маман дайындау – дамыған мемлекеттер қатарына кірудегі алғышарттардың бірі екені сөзсіз.

Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail arai.lym.nur@gmail.com

Кейін қарай