04 Ақпан, 2016
1295
Білімді жастар – ел болашағы
«Қазақстан кәрістері» Ассоциациясының Ақтау қалалық филиалы «Үлкен ел - үлкен отбасы» тақырыбында жиын өткізді. Мақсат - мерзімінен бұрын өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспарын талқылау.
Жиынға - «Қазақстан кәрістері» Ассоциациясының Ақтау қалалық филиалының өкілдері, Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері қатысты.
«Біз Мемлекет басшысының 100 нақты қадамымен жүріп отырсақ, онда әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосыламыз», дейді «Қазақстан кәрістері» Ассоциациясының Ақтау қалалық филиалының төрайымы Райса Маденова-Хван.
«Мемлекет басшысы өзінің 100 нақты қадам Ұлт жоспарында елімізді жаңа белеске жетелейтін нақты тапсырмалар берген. Егер біз Елбасының нұсқаған сара жолымен жүріп отырсақ, онда біз әлемнің алпауыт елдерімен иық біресіп тұрамыз деген ойдамын. Еліміздің болашағы жалынды жастар. Сондықтан, баршаңызды ізденуге шақырамын. Әрдайым, өзідерңізді жетілдіруге ұмтылыңыздар. Себебі, адам өзін өсіру арқылы, көптеген жетістікке жетеді», - деді Р.Маденова–Хван.
«Болашақта біз сияқты жастар ел іргесін ұстайды. Сондықтан баршамыз елімізде болып жатқан айтулы іс-шараларға белсенді қатысуымыз керек», дейді жиынға қатысушы «Қазақстан кәрістері» Ассоциациясының Ақтау қалалық филиалының мүшесі Игорь Ли.
«Бүгінгі таңда жастар ізденсе олардың алмайтын асуы жоқ. Мысалы, мен ізденгендігінімнің арқасында бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяның Конгджу қаласында білім алып жатырмын. Мен оқып жатқан Конгджу мемлекеттік университетінде мен сияқты өзге елден барып оқып жатқандар көп. Мен қарапайым отбасыдан шыққан баламын. Мен Конгджу мемлекеттік университетіне оқуға түсу үшін маған ешкім көмектеспеді. Бүгінгі жеткен жетістігімнің барлығына мен өз білімімнің арқасында жетіп отырмын. Сондықтан, баршаңызды ізденуге, білімді болуға және белсенді болуға шақырамын», деді ол.
Іс-шара соңында жиын қатысушылары естелікке суретке түсті.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті