28 Қараша, 2016
882
Бір ағаштың бұтақтары
Осы жылдың 27 қарашасында елордамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елі Тәуелсіздігінің 25 тұғыры» -25 жұлдызды күн» жоспары шеңберіндегі ауқымды істерін жүзеге асыру барысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне бірқатар салтанатты іс-шаралар өткізілді.
Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясында Достық сабағы белгілі күніне орайластырылған, жексенбілік мектеп оқушылары арасында өткізілген «Біз - бір ағаштың бұтақтарымыз!» атты тағылымдық мәні бар кеш көпшілікке жылы әсер қалдырды. Бұл жерде айрықша атап өтер жәйт, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырушылары тарапынан қолға алынған барлық іс-шаралар Қазақстандағы этностардың өзара достығы мен бірлігін нығайтуға бағытталған.
Әрі біздің ортақ жолымыз келешек ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық және рухани-мәдени тұтастықты қалыптастыру болып табылады. Соның дәлеліндей, осы кеште шығып сөйлеушілер жастардың «Біз - бір ағаштың бұтақтарымыз!» ұранымен өткізген маңызды шарасына жоғары бағасын беріп, тілектестіктерін білдірді. Поляк, неміс, шешен-ингуш және татар жексенбілік мектебінің белсенділері көпшілік ортада өздерін жақсы қырынан танытып, көкейде жүрген пікірлерін ортаға салды. Солардың қатарындағы бірқатар балалар патриотизм тақырыбына өлең мен мақал-мәтелдер айтып, неміс, поляк және татар тілінде ән шырқап, өз отаны - Қазақстанға деген құрметтерін білдірді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Пир» деген атаумен ұйымдастырылған ұлттық тағамдар тіл үйірді.
Сонымен қатар қолданбалы өнер көрмесі салтанатты мерекенің сәнін одан әрі аша түсті.
Осы күні Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында этномәдени бірлестіктердің қол жеткізген табыстарына арналған көрме өткізілді. Бұл аталған көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала Елі Тәуелсіздігінің 25 тұғыры - 25 жұлдызды күн» жоспарын жүзеге асыру мақсатында өткізілген болатын. Жалпы бұл көрменің басты мақсаты - Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінен бастап этносаралық келісім мен бірлікті нығайту жолында аянбай еңбек етіп келе жатқанын көпшілікке таныстыру.
Көрме шеңбері барысында этномәдени орталықтардың, олардың жастар қанатының, мәдени қоғамдастықтың, көркемөнер мен шығармашылық қызметкерлері өкілдерінің жұмысы қорытындыланды.
Осы күндері елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен және осындағы этномәдени бірлестіктердің күнделікті жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті