06 Қыркүйек, 2017
1111
«Бір шаңырақ астында» фестивалі аясында өзбек, ұйғыр және қырғыз халықтарының мәдениеті күні өтті
Жаз бойы, әр демалыс күндері, қаланың орталық саябағында облыстық этномәдени бірлестіктер қала тұрғындары мен қонақтарын өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен таныстырып, концерттік бағдарламаларын ұсынып, жақсы көңіл-күй сыйлауда. Барлық іс-шаларар «Бір шаңырақ астында» жылсайынғы жазғы фестивалінің аясында өтуде. Өткен демалыс күндері дүбірлі бағдарлама өзбек, ұйғыр және қырғыз этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтті. Аталған этномәдени бірлестіктер өздерінің қызық та әсерлі мерекелік бағдарламасын паш етті. Іс-шараға қала тұрғындары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Бағдарлама барысында болған көріністерден ғасырлар бойы тығыз қарым-қатынаста өрбіген бұл халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерінде көптеген ұқсатсықтарды айқын аңғаруға болады. Ал бұл халықтардың басты ұқсастықтары ретінде олардың қонақжайлылығын айта кеткен жөн.
Өзінің құттықтау сөзінде Павлодар облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпысбаев Сейсембай Қалижанұлы орталықтардың жоғары деңгейдегі жұмысын атап, шығармашылық табыстар тіледі.
«Туған жер» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 6 маусымында облыстық қырғыз этномәдени білестігінің ұйымдастыруымен Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жазғы лагерінің қатысушылары арасында суреттер байқауы өткізілген болатын. Байқауға 5-тен 15 жас аралығындағы балалар қатысты. Суреттерде балалар еліміздегі бейбіт өмір мен көгілдір аспанды, гүл шоқтарын, биікке самғаған құстарды бейнеледі. Осы байқауы қорытындысы бойынша қазылар алқасының төрағасы, облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Орузбаев Болатбек Әбдиұлы барлық суреттердің Отанға деген шынайы сүйіспеншілікпен орындалғанын тілге тиек етіп, 16 белсенді қатысушны естелік сыйлықтармен марапаттады.
Мерекеге қатысқан көрермендер назарына қырғыз, өзбек және ұйғыр тілдерінде көңілді әндер мен мың бұралған билер ұсынылды. Ал бұл халықтардың мәдениетін тереңірек тану үшін киім үлгілері, салты мен дәстүрлері жөнінде көптеген қызықты ақпарат айтылды, сондай-ақ сұрақ-жауап сайысы және бүлдіршіндерге арналған көңілді ойындар өткізілді.
Мерекелік бағдарлама соңында ең белсенді қатысушыларға кәдесыйлар табысталды. Соған қоса, ұйымдастырушылар келген қонақтар үшін дәстүрлі ас – палауды дайындап дәм татырды.
Айтпаев Мақсат
Дата события ассамблеи: 06.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 15:38