Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қыркүйек, 2016

1473

«Бір шанырақ астында» конкурсы

Аналар кеңесі Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының қолдауымен Отбасы күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты конкурсын өткізді.

Біздің еліміз үшінші жыл Отбасы күнін атап өтеді. Биыл мереке №31 «Еркемай» балабақшасында мереке қарсаңында іс-шараға мүшелері түрлі этнос өкілдері болып табылатын отбасылар, этномәдени бірлестіктердің, Аналар кеңесінің және «Жас қанат» жастар ұйымының өкілдері, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің қызметкерлері және басқа да қонақтар қатысты.

Конкурстың мақсаты мен міндеті - отбасына деген жауапты қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақты қоғамның негізгі құндылықтарынан,  жылы отбасылық қарым-қатынастарды құруда олардың үлесі бар екенінен хабардар ету болып табылады.

«Бір шанырақ астында» конкурсына балабақшада тәрбиеленушілердің отбасылары қатысты, олар: Кушпеновтар отбасы, Нажметдиновтар отбасы және Жубаназаровтар отбасы. Іс-шараны ұйымдастырушылар конкурс қатысушыларына түрлі тақырыптық тапсырмалар дайындады. Олар өздерінің ұлттық киімдерін көрсетті, салт-дәстүрлері туралы айтып берді, викторинаға қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай